ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Жасанды интеллект алаяқтығы 442 млрд доллар шығын келтірді
Жаңа буын алаяқтық тәсілдерінде қылмыскерлер интернетте қолжетімді жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, отбасы мүшелерінің дауысын айнытпай қайталайды.
Жасанды интеллект алаяқтығы 442 млрд доллар шығын келтірді
Жасанды интеллект

Жасанды интеллекттің жалған контентті шынайы етіп көрсету мүмкіндігі киберқылмыскерлердің жұмысын жеңілдетіп отыр

Цифрлық криминалистика саласының беделді сарапшысы, Калифорния университетінің профессоры Хани Фарид жасанды интеллект жасаған дауыс пен бейнені шынайы материалдан ажырата алмайтынын жеткізді.

Фаридтің мәліметінше, қарапайым адамдардың жасанды интеллект арқылы жасалған дауысты ажырату көрсеткіші шамамен 60 пайызды ғана құрайды. Оның айтуынша, мұндай нәтиже кездейсоқ болжам жасаумен пара-пар.

Жаһандық алаяқтық шығыны 442 млрд долларға жетті

«INTERPOL» жариялаған Жаһандық қаржылық алаяқтық қаупін бағалау есебіне сәйкес, 2025 жылы ЖИ алаяқтығынан 442 миллиард доллар шығын келген. Ұйым тәуекел деңгейін «жоғары» деп бағалап, алдағы 3-5 жылда жағдайдың едәуір ушығуы мүмкін екенін мәлімдеді.

АҚШ-та «FBI» жариялаған есепке сәйкес, киберқылмыстардан келген шығын 20,9 миллиард долларға жеткен. «FBI» алғаш рет жасанды интеллектке байланысты шағымдарды жеке қылмыс санаты ретінде тіркеп, 893 миллион доллардан астам шығын туралы хабарлаған 22 мыңнан астам арызды есепке алған.

Ал Ұлыбританияда адамдарды өз еркімен ақша аударуға көндіретін алаяқтық түрінен келген шығын 19 пайыз артып, 576,4 миллион фунт стерлингке жетті.

ЖИ агенттері алаяқтықты автоматтандыруда

Адамның араласуынсыз тапсырмаларды жоспарлап, орындай алатын жасанды интеллект агенттері алаяқтық әрекеттерді жаңа деңгейге шығарды. Сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектке негізделген алаяқтық дәстүрлі әдістерге қарағанда 4,5 есе көп табыс әкеледі.

Олар сәтсіз әрекеттерінен сабақ алып, өз модельдерін үнемі жаңартып отырады және алаяқтық тәсілдерін өзгертіп, тиімділігін арттырады.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды