ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның НАТО-дағы рөлі жоғары бағаланды
АҚШ-тың НАТО- дағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Түркияның НАТО ішіндегі рөліне назар аударды.
Түркияның НАТО-дағы рөлі жоғары бағаланды
АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер

Түркияға сапары барысында Уитакер Түркияның НАТО- дағы рөліне және 7–8 шілдеде өтетін НАТО саммитіне қатысты мәлімдеме жасады.

Уитакер Түркияға сапары шамамен 5 күнге созылғанын, 16 мамырда Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескенін еске салып, барлық әріптестерімен өткізген кездесулеріне қанағаттанғанын айтты.

Фиданмен кездесуінде АҚШ пен Түркия арасындағы байланыстардың беріктігі айқын көрсетілгенін жеткізген Уитакер: «Мұнда болуымның тағы бір себебі – НАТО одағын және одақтың осы өңірдегі барлық қызметін нығайтуды жалғастыру. Сапар өте жақсы өтті және мен шын мәнінде ризамын», – деді.

Түркияның НАТО-дағы рөлі

Уитакер одақтың 32 мүшесінің бірі саналатын Түркияның рөлінің «аса маңызды» екеніне назар аударып, Түркияның Косоводағы Бейбітшілік күштері миссиясы сияқты операцияларға жетекшілік етуге дайын екенін атап өтті.

Уитакер НАТО-ның Косоводағы Бейбітшілік күштерін түрік генералы басқаратынын еске салып, «Біз Түркияның көшбасшылық танытуына сенім артамыз», – деді.

Уитакер 7–8 шілдеде НАТО саммиті Түркияда өтетінін еске салып, былай деді:

«Бұл одақ үшін өте маңызды кезең болмақ. Біз барлық НАТО мүшелері үшін саммиттің нәтижелі болатынына сенімдіміз. Әсіресе бұл саммит Түркияның осы одақтың ұзақ мерзімді табысы үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Талқыланатын көптеген маңызды мәселе бар, бірақ негізгі мақсат – 32 одақтас елдің барлығының қабілетті әрі қуатты болуын қамтамасыз ету, НАТО-ны жауынгерлік негіздеріне қайта оралатындай етіп бастапқы күйіне келтіру деп ойлаймын».

Уитакер сөзін былай жалғастырды: «Түркия – қазірдің өзінде аймақтағы өз ресурстарын қолданып келе жатқан, қажетті мүмкіндіктері мен қорғаныс өнеркәсібі бар шын мәнінде маңызды әрі үлгілі одақтас. Басқа одақтастар Түркияны үлгі тұтарлық одақтас ел ретінде қарастырса екен деймін және Түркия одаққа қосылғаннан бері соңғы 70 жыл бойы атқарып келе жатқан ісін жалғастырса екен».

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты