Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің қатысуымен өткен «Еуразияның жүрегі — Қырғызстан» атты іскерлік форумда 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды.
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды

Президентке қарасты Ұлттық инвестициялық агенттіктің ұйымдастыруымен өткен форумға инвесторлар, бизнес саласы өкілдері, халықаралық қаржы институттары мен сарапшылардан құралған 600-ден астам адам қатысты.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Қырғызстан Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиев ШЫҰ-ға 2025-2026 жылдардағы төрағалықтары кезеңінде іскерлік байланыстарды нығайту және инфрақұрылымдық кедергілерді жою үшін бірқатар шараларды жүзеге асырғандарын айтты.

ШЫҰ-ның жаһандық экономикадағы стратегиялық рөліне тоқталған Амангелдиев мынадай мәлімдеме жасады: «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер 3,5 миллиардтан астам халқы және 33 триллион долларлық жалпы ішкі өнімі бар 10 елден тұрады және жаһандық экономиканың ең ірі орталықтарының бірін құрайды. Сонымен қатар елдеріміз әлемдік ауыл шаруашылығы өндірісінің 38 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Соңғы 4 жылда Қырғызстан мен ШЫҰ елдері арасындағы сауда айналымы 2 еседен астам артты. Тұрақты даму үшін цифрлық сауда, жасыл энергетика, көлік, логистика және инфрақұрылым сияқты салаларға назар аударуды ұсынамыз».

«Әр елдің өзіне тән мықты тұстары бар»

Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Темір Сариев Ұйымның ортақ өркендеу қозғалтқышына айналуы керектігін білдіріп, мүше елдердің әлеуетіне назар аударды.

Қытайдың технология, Ресейдің энергетика, Қазақстан мен Қырғызстанның транзиттік дәліз сияқты артықшылықтарға ие екенін атап өткен Сариев: «Қырғызстан сіздердің идеяларыңызға, инвестицияларыңыз бен бизнестеріңізге ашық», — деп үндеу тастады.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Пяо Яньфань Ұйымның аймақтық бейбітшілікке, тұрақтылыққа және халықтардың әл-ауқатына қосқан үлесін еске сала отырып, форумның іскер азаматтар үшін нақты келісімдермен қорытындылануына тілектестік білдірді.

Форум аясында өзара түсіністік меморандумдары мен ниет хаттарын қоса алғанда, жалпы құны 150 миллион долларды құрайтын 12 инвестициялық және сауда келісімшартына қол қойылды.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды