ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия ұлы көсем Ататүрікті еске алуда
Түркия президенті, саяси партия жетекшілері, жоғары сот органдарының өкілдері, әскери шенеуніктер Анкарада орналасқан Анытқабірге жиналып, елдің негізін қалаушы және алғашқы президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке тағзым етті.
Түркия ұлы көсем Ататүрікті еске алуда
Түркия ұлы көсем Ататүрікті еске алуда / AA

Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік дүниеден озғанына 87 жыл толуына орай Анкарада орналасқан мазары Анытқабірде мемлекеттік рәсіммен еске алынды.

Рәсімге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш, кабинет мүшелері, саяси партия жетекшілері, жоғары сот өкілдері және әскери қолбасшылар қатысты.

Ердоған Ататүріктің мазарына Түркия туының түсімен түстес қызыл және ақ қалампырдан жасалған гүл шоғын қойды.

Ататүріктің дүние салған уақыты жергілікті уақытпен таңғы 9:05 кезінде қатысушылар бір минут үнсіздік сақтап, кейін ұлт әнұранын орындады. Құрмет көрсету кезінде Түркия туы жартылай төмен түсірілді.

Одан кейін Ердоған және мемлкет өкілдері Мисак-и Милли мұнарасына келіп, Анытқабір естелік дәптеріне қол қойды.

«Сіз «ең ұлы еңбегіңіз» деп атаған Түркия Республикасын қорғаймыз және елдің әр түкпірін жаңа жетістіктермен дамытуды жалғастырамыз», — деп жазды Ердоған.

«Білікті және қабілетті кадрлардың басшылығымен Түркия жаһандық күшке айналу жолында сенімді қадамдармен алға басып келеді», — деп қосты ол.

Ататүрік 1938 жылғы 10 қарашада 57 жасында Стамбулда дүниеден өтті.

Түрік жұртшылығы дәстүр бойынша жыл сайын 10 қарашада Ататүріктің мазарын зиярат етіп, ел негізін қалаушыға құрмет көрсетеді.

Іздеу
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ