ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Трамп Нетаньяхуды Түркиямен кез келген дауда 'ақылға қонымды' болуға шақырды
Трамп Нетаньяхуға Анкарамен кез келген дауды шеше алатынын білдіріп, "ақылға қонымды" болу керектігін баса айтты.
Трамп Нетаньяхуды Түркиямен кез келген дауда 'ақылға қонымды' болуға шақырды
/ Reuters

АҚШ Президенті Дональд Трамп Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға Түркиямен кез келген келіспеушілік бойынша "ақылға қонымды болу" керектігін айтқанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен қарым-қатынасына жоғары баға берді.

"Түркиямен қандай да бір мәселеңіз болса, мен оны шеше аламын деп ойлаймын. Яғни  сіз ақылға қонымды болсаңыз. Ақылға қонымды болу керек. Біз бәріміз ақылға қонымды болуымыз керек," - деді Трамп Нетаньяхуды қабылдаған кездегі баспасөз мәслихатында.

"Егер Түркиямен проблемаңыз болса, мен оны шеше аласыз деп ойлаймын. Менің Түркиямен және олардың көшбасшысымен өте жақсы қарым-қатынасым бар, біз бұл мәселені шеше аламыз деп ойлаймын. Сондықтан проблема болмайды деп үміттенемін. Меніңше проблема болмайды," – деді ол.

Трамп Ердоғанды "қатал адам, өте ақылды және ешкім жасай алмаған нәрсені жасады" деп сипаттап, онымен "тамаша қарым-қатынаста" екенін айтты. Бұл сөздерінде ол өткен жылдың желтоқсанында Сирияның бұрынғы режим басшысы Башар әл-Асадтың құлауына Түркияның ықпал еткеніне сенетінін меңзеді.

Бұған дейін Трамп Түркияны жақсы ел, ал Ердоғанды жақсы көшбасшы деп мақтаған болатын.

Елшілікке кандидат тұлғалармен кездесуінде Трамп Түркияны мақтағаннан кейін "Жақсы жер, көшбасшысы да жақсы," – деген еді.

Іздеу
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады