ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Финляндия президенті Александр Стубб ЕО мен Түркия ынтымақтастығын тереңдетуге шақырып, екі тараптың мүдделері тоғысатын барлық салада өзара байланыстарды нығайту қажеттігін атап өтті.
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы» / Anadolu Agency (Wire)

Финляндия президенті Александр Стубб Еуропалық Одақ пен Түркия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге үндеп, Анкараны Еуропа қауіпсіздігіндегі «маңызды» ойыншы және НАТО-ның «таптырмас» одақтасы ретінде сипаттады.

Брюссельде өткен ЕО-ның кеңею жөніндегі форумында сөз сөйлеген Стубб екі тараптың ортақ мүдделері бар екенін және басымдықтары сәйкес келетін бағыттарда әріптестікті күшейту керектігін жеткізді.

Стубб: «Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы саналатын Түркия туралы да ашық айтуымыз керек», – дей келе, ЕО мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың мүдделер тоғысатын барлық салада «тереңдей алатынын және тереңдеуі тиіс екенін» баса айтты.

Еуропа бетпе-бет келіп отырған ауқымды сын-қатерлерге тоқталған Стубб ірі державалар арасындағы бәсекелестікке, құрлықтағы соғысқа, технологиялық тартысқа және артып келе жатқан белгісіздікке назар аударды.

ЕО-ның кеңеюі осы қиындықтарға стратегиялық жауап беретінін атап өткен Стубб одақты өзі «сыртқы саясаттың ең сәтті құралы» деп атаған осы тетікті тиімді пайдалануға шақырды.

Стубб: «Еуропалық Одақтың иелігіндегі ең табысты сыртқы саясат құралын ұтымды пайдалануымыз керек», – деп, кеңеюді тек техникалық үдеріс ретінде ғана емес, «стратегиялық, геосаяси құрал» ретінде қарастыру қажеттігін айтты. «Иә, күш-қуат ауқымға да байланысты. ЕО неғұрлым үлкен болса, жаһандық деңгейде соғұрлым көбірек ықпал ете аламыз», – деді.

Еуропа «кең ауқымда ойлауы тиіс»

Еуропаның «оянғанын», «қайта қаруланғанын» және «геосаяси ойыншыға» айналғанын айтқан Стубб ЕО-ға мүше мемлекеттер мен кандидат елдерді одақтың болашағы туралы батыл әрі ауқымды ойлауға шақырды.

Стубб: «Кеңею креативті, икемді және кезең-кезеңімен жүзеге асатын интеграциямен ұштасып, дәуіріміздің негізгі стратегиялық жобаларының біріне айналуы тиіс», – деді.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр