ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Газаға жедел гуманитарлық көмек жеткізуге шақырды
Түркия Газада атысты тоқтату келісімін оң қабылдап, араағайын елдерге ризашылығын білдірді.
Түркия Газаға жедел гуманитарлық көмек жеткізуге шақырды
Түркия Газаға жедел гуманитарлық көмек жеткізуге шақырды / TRT World and Agencies
9 Қазан 2025

Түркия Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде Газада атысты тоқтату келісімін оң қабылдағанын және екі жылға жалғасқан геноцидті тоқтататына үміт білдіретінін атап өтті.

Мәлімдемеде келісімнің толық орындалуы күтілетіні айтылды. Сондай-ақ: «Атысты тоқтату арқылы Газаға гуманитарлық көмектің жеткізілуі және қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстарының тез арада басталуы аса маңызды. Түркия Газа халқына ауқымды гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырады», - делінген.

Израиль мен Палестина мәселесі әділ шешілсе ғана Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнайтыны айтылып, «Атысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде қол жеткізілген серпін алдағы уақытта екі мемлекетке негізделген шешімді жүзеге асыруға да үлес қосады деп үміттенеміз. Біз Катар, Мысыр және АҚШ-тың атысты тоқтату келіссөздеріндегі күш-жігерін жоғары бағалаймыз.Түркия атысты тоқтату келісімінің орындалу кезеңдеріне белсенді түрде қатысуға және қолдау көрсетуге дайын екенін қайталады» – делінген.

Трамптың атысты тоқтату жоспары

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС АҚШ ұсынған Газа келісімінің алғашқы кезеңін қабылдағанын хабарлады. 29 қыркүйек күні алғаш рет жарияланған 20 тармақтан тұратын жоспар тұтқын алмасуды, атысты тоқтатуды, ХАМАС-ты қарудан айыруды және Газаның қайта қалпына келтірілуін көздейді.

2023 жылдың қазан айынан бері Газада 67 200 палестиналық қаза тапты. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.  Үздіксіз әуе шабуылдары аймақты өмір сүруге жарамсыз етіп, жаппай көші-қонға, ашаршылық пен түрлі аурулардың таралуына себеп болды.

Іздеу
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
Бурханеттин Дуран: «НАТО заманауи құрылымдық соғыс қаупіне қарсы қайта қалыптасуы тиіс»
Пәкістан Израильді айыптады
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады