САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Израильдің Диаспора істері және антисемитизммен күрес министрі Амихай Чикли: «Біз қазір жаңа күштердің қалыптасып жатқанын байқап отырмыз», – деді.
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді / Reuters

Израильдік министр жақында жарияланған АҚШ–Иран келісіміне ықпал еткен Түркия–Катар–Пәкістан ынтымақтастығының күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Амихай Чикли аталған келісімнің Израиль үшін алаңдатарлық сипатқа ие екенін айтты.

Бұл жағдай Беньямин Нетаньяхуға саяси сынның да күшеюіне себеп болды. Бұған дейін Нетаньяху Израильдің АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерден тыс қалғанын мойындаған еді.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ президенті Дональд Трамп пен Нетаньяху арасындағы қарым-қатынастың салқындағанын, Трамптың Ливандағы әскери операцияларға байланысты Нетаньяхуды сынға алғанын хабарлады.

ҚатыстыТрамп жекелеген адамдарды нысанаға алу үшін ғимараттарды толықтай қиратудың қажеті жоқ екенін айтты - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Келісім бірнеше аптаға созылған өңірлік дипломатиялық күш-жігердің нәтижесінде жасалды. Пәкістан негізгі араағайын ел болса, Катар байланыс арналарының құрылуына ықпал етті. Ал Түркия белсенді дипломатиялық қолдау көрсетті. Президент Режеп Тайып Ердоған келісімді Израиль шабуылдарынан туындаған өңірлік қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалады.

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да келісімді құптайтынын айтып, оның бейбітшілік архитектурасына  үлес қосатынына үміт білдірді.

Президент Ердоған Израильдің Газа, Ливан және Сирияға жасаған шабуылдарын айыптап, Израильдің бақылаусыз агрессиясы өңірлік тұрақтылық пен Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертті.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды