ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Австралия «Terrorgram» желісін террор ұйымы тізіміне енгізді
Ішкі істер министрі Тони Бурк Австралияда жек көрушілікке орын жоқ екенін айтты.
Австралия «Terrorgram» желісін террор ұйымы тізіміне енгізді
/ AP

Австралия үкіметі ақ нәсілділердің үстемдігін қорғайтын «Terrorgram» тобын лаңкестік ұйымдардың тізіміне енгізді.

Ішкі істер министрі Тони Бурк Австралияда мұндай жеккөрушілікке орын жоқ екенін айтты.

Бурк «X» платформасындағы мәлімдемесінде «Бұл топ кейбір австралиялықтардың өз үйлерінде өздерін қажетсіз сезінуіне әкелетін идеологияны насихаттап, таратады. Мұндай экстремалды жеккөрушілік сезімі Австралияда қабылданбайды және оған орны жоқ»,- деді.

«SBS News» хабарына қарағанда желінің бұл тізімге қосылуы - топтың мүшесі немесе оған қатысы бар кез келген адам 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін демек.

Сондай-ақ ол «Бұл желінің тізімге енгізілуі Австралия Үкіметіне еліміздегі экстремисттердің әрекеттерін шектеуге және австралиялықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек күш береді»,- деді.

Биылғы жылдың басында Австралия үкіметі «Terrorgram»-ға санкция салды. Канберра терроризмді қаржыландыруға қарсы онлайн ұйымға  алғаш рет санкция енгізді.

«Terrorgram» - «Telegram» хабар алмасу қосымшасы арқылы жұмыс істейтін, нео-фашистік, ақ нәсілділердің үстемдігін қолдайтын және милитанттық радикал идеяларды насихаттайтын онлайн желі.

Ұлыбритания Ішкі істер министрлігінің мәліметінше бұл топ «Батыс әлемінің күйреуін және зорлық-зомбылыққа негізделген террорлық әрекеттер арқылы «этникалық соғыс» жүргізуді мақсат етеді.

Ұлыбритания 2024 жылдың сәуірінде «Terrorgram»-ды тыйым салынған террористік ұйым деп жариялады.

«Terrorgram»-мен байланысты кемінде екі шабуыл анықталды. Олардың бірі өткен жылдың тамыз айында Түркияда мешіттің алдында 18 жастағы жігіттің бес адамды пышақтап, оқиғаны тікелей эфирде көрсетуі, екіншісі 2022 жылдың қазан айында Словакияның астанасы Братиславадағы бір түнгі клубта екі адамның өліміне себеп болған қарулы шабуыл болатын.

 

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты