САЯСАТ
2 ... минут оқылды
"Трамп пен Путиннің ықтимал кездесуіне Украина мен Еуропаны да қосу қажет"
"Украина тағдырын талқылаған кезде украиналықтар үстел басында болуы керек," дейді Франция президенті.
"Трамп пен Путиннің ықтимал кездесуіне Украина мен Еуропаны да қосу қажет"
"Трамп пен Путиннің ықтимал кездесуіне Украина мен Еуропаны да қосу қажет" / Reuters

Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Будапешттегі ықтимал кездесуінде украиндықтар мен еуропалықтар "үстел басында болуы керек" деп мәлімдеді.

Словенияда өткен Еуропалық Одақтың Жерорта теңізі елдерінің саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Макрон бұл кездесуді "өте жақсы нәрсе" деп атап өтті, өйткені "президенттер өздерінің екіжақты күн тәртібін талқылай алады" деді.

"Егер олар Украина тағдырын талқылайтын болса, украиндықтар үстел басында болуы керек. Егер олар еуропалықтардың қауіпсіздігіне әсер ететін мәселелерді талқылайтын болса, еуропалықтар да үстел басында болуы керек” деді Макрон.

Сондай-ақ Макрон Францияның Украинаға қолдауын тағы да қайталады, елдің жалғасып жатқан соғыс жағдайында көрсеткен төзімділігіне назар аударды.

Лондондағы кездесу

"Украина үлкен батылдықпен қарсы тұруды жалғастырып, инновация жасап, өндірісін жалғастыруда. Жұма күні "еріктілер коалициясы" жиналысы өтеді, Владимир Зеленский сол жерде болады. Сондықтан біз алға жылжуды жалғастырамыз," деді ол.

Ол Украинаға қатысты кез келген бейбітшілік "берік және ұзақ мерзімді" болуы керек екенін, халықаралық құқыққа сәйкес келуі және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. "Басқа (бейбітшілік) жоқ. Еуропалықтар бұл мәселеде әрдайым айқын болды," деп қосты ол.

Өткен аптада Трамп Зеленскийге Ресеймен келісімге келуді ұсынды, екі тарап қазіргі шептерде ұрыс қимылдарын тоқтатуы керек екенін айтты. Кейін Зеленский Украинаның кері қадам баспайтынын білдірді.

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесіп, тағы бір бетпе-бет кездесу өткізу мүмкіндігін талқылап, екі тараптың өкілдері саммитке дайындықты дереу бастауға келісті. Екі лидердің кездесуі Будапештте болуы мүмкін.

Іздеу
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Брюссельде «Өзгерген қауіпсіздік жағдайында Түркия мен НАТО» атты панель өтті
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады