2027 жылғы 7 ақпанда өтетін 69-шы «Грэмми» сыйлығының үміткерлері жарияланды.
Әнші Бейонсе «Morning Dew (Donk)» әнімен «Үздік жеке R&B орындау» номинациясы бойынша «Грэммиге» ұсынылды.
Осы номинацияның арқасында Бейонсе «Грэмми» сыйлығына 100 мәрте үміткер атанған тұңғыш әртіс болды.
Бейонсемен қатар бұл номинацияға үміткерлер қатарына Келанидің «Out The Window», Виктория Моненің «Let Me», Джилл Скотттың «Pressha» және Темстің «What You Need» әндері енді.
Сонымен қатар британдық әнші Рэй 11 номинацияға ие болып, әйел әртістер арасында бір жыл ішінде ең көп номинация алған рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Өткен жылы Бейонсе де 11 номинация алған болатын.






















