ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Көшбасшыларының 36-шы саммиті Анкарада басталды. АҚШ президенті Дональд Трампты қоса алғанда 31 одақтас елдің басшысы қатысқан саммитте жаһандық қауіпсіздік күн тәртібін қалыптастыратын маңызды тақырыптар талқылануда.
Әлемнің назары Анкарада
НАТО-ның 36-шы лидерлер саммиті Анкарада өтуде

Саммиттің басты күн тәртібіндегі мәселелер қатарында қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық, Еуропа-АҚШ қарым-қатынасындағы ағымдағы өзгерістер, альянстың жаңа қауіпсіздік концепциясы және аймақтық дағдарыстар бар.

Халықаралық қауымдастық жіті қадағалап отырған бұл саммит әлемдік баспасөзде кеңінен көрініс тауып, цифрлық платформаларда да үлкен қызығушылық тудыруда.

Түркияның НАТО-дағы стратегиялық орны алға шығуда

Әлеуметтік медиа платформаларында #NATOsummit хэштегі Түркияда да, жаһандық деңгейде де ең көп талқыланған тақырыптар арасында бірінші орынға көтерілді.

Саммитке қатысты жазбаларда Түркияның НАТО-дағы стратегиялық орны, аймақтық дағдарыстарда атқарып отырған дипломатиялық рөлі және қорғаныс өнеркәсібіндегі дамуы ерекше атап өтілуде.

Жарияланымдарда соңғы жылдары қорғаныс өнеркәсібіндегі отандық және ұлттық өндіріс үлесін арттырған Түркияның НАТО-ның ең күшті әскери әлеуетке ие елдерінің бірі ретінде альянстың сескендіру (тежеу) күшіне елеулі үлес қосып отырғандығына баға берілуде.

Әлеуметтік желі қолданушылары мен халықаралық сарапшылардың жазбаларында Түркияның дипломатиялық бастамалары мен дағдарысты аймақтарда жүргізіп жатқан делдалдық қызметіне назар аударылып, Анкараның «бейбітшіліктің кілті» ретінде алға шыққаны айтылуда.

НАТО Көшбасшылар саммиті аясында өтетін басшылардың отырыстары мен екіжақты кездесулерден кейін саммиттің қорытынды декларациясы жұртшылыққа жарияланады деп күтілуде.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді