ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Энвер Ибрахиммен кездесті
Анкара мен Куала-Лумпур стратегиялық және экономикалық байланыстарын тереңдетуді жалғастырып жатқан тұста екі ел басшысы ортақ көзқарастары мен технологиялық әлеуеттерін жоғары бағалады.
Президент Ердоған Энвер Ибрахиммен кездесті
Президент Ердоған Энвер Ибрахиммен кездесті / AA

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған екі елдің стратегиялық, экономикалық және дипломатиялық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған күш-жігер аясында қорғаныс өнеркәсібінде мүдде қағидатына негізделген бірлескен қадамдарды бағамдауды жалғастыратынын айтты.

Сәрсенбі күні Анкарада Малайзия премьер-министрі Ибрахиммен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Ердоған өткен жылы Куала-Лумпурға жасаған сапары барысында келісілген жоғары деңгейдегі алғашқы ынтымақтастық отырысының сол күні өткізілгенін және бұл қадам екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты бастама екенін атап өтті.

Сонымен қатар президент Ердоған Малайзияны Түркиядағы инвестицияларын арттыруға шақырып, қорғаныс, инфрақұрылым және жетекші өнеркәсіп салаларында мүмкіндіктердің көбейіп келе жатқанына назар аударды.

Ердоған ˗ батыл көшбасшы

Энвер Ибрахим түрік халқының және түрік өнеркәсібінің ғылым мен технология саласындағы әлеуетін жоғары бағалап, Малайзияның Түркияны маңызды серіктес ретінде көретінін айтты.

Ибрахим Режеп Тайып Ердоғанға: «Батыл көшбасшы ретінде тек Түркия үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем үшін, әсіресе Ислам әлемі үшін көрсетіп отырған көшбасшылығыңыз үшін алғыс айтқым келеді», - деді.

Режеп Тайып Ердоған келіссөз барысында қорғаныс пен инвестициялардан бөлек, білім беру, мәдениет және халықтар арасындағы байланыстардың да талқыланғанын, олардың ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік негізін құрайтынын айтты.

Ердоған: «Түркия-Малайзия достығы мен бауырластығының негізін құрайтын гуманитарлық байланысты да келіссөздерімізде кеңінен талқыладық. Халықтар арасындағы диалогты нығайтатын қадамдарды, білім, мәдениет және туризм салаларындағы жұмыстарымызды жалғастыру туралы шешім қабылдадық», - деді.

Кездесуде сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелер қарастырылып, тараптардың бұл тақырыптар бойынша ұқсас ұстанымда екені атап өтілді.

Ердоған: «Әсіресе Газа мәселесін мұқият бірге бақылауды жалғастырамыз», - деп, осы мәселеге қатысты ортақ алаңдаушылықты білдірді.

Сондай-ақ президент Ердоған: «2019 жылы жариялаған «Азияны қайта жаңғырту» бастамамыз аясында аймақ елдерімен және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Малайзия 2025 жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына төрағалық етіп, қарқынды кезеңді бастан өткерді. Осы төрағалықты нәтижелі аяқтағандары үшін оларды құттықтаймын. Сонымен қатар бауырым Энвердің Таиланд пен Камбоджа арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге қосқан зор үлесін ерекше атап өткім келеді», - деді.

 

 

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты