ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Франция Білім министрі бұл жағдайды мемлекеттік қызметтердің жұмысын бұзуға бағытталған әрекет деп бағалап, сабыр сақтауға шақырды.
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Наразылық кезінде 65 білім беру қызметкері мен 170 студент жарақат алды.

Францияда білім беру жағдайын жақсарту талабымен ұйымдастырылған лицей оқушыларының наразылық акциялары аясында 1793 адамның қамауға алынғаны хабарланды.

Франция Білім министрі Эдуар Жеффре “France 2” телеарнасының эфирінде лицей оқушыларының наразылық акцияларына қатысты мәлімдеме жасады.

Жеффре наразылықтарға байланысты бүгін 400-ден астам білім беру мекемесі жабық болатынын айтып, аталған оқу орындарындағы оқушылардың сабағы онлайн форматта өтетінін мәлімдеді.

Наразылық акциялары кезінде білім беру саласының 65 қызметкері мен 170 оқушының жарақат алғанын айтқан Жеффре: «Лицей оқушыларының қозғалысын шектен тыс зорлық-зомбылықты жақтайтын қозғалыс өз бақылауына алды», – деді.

Министр Жеффре бұл жағдайды мемлекеттік қызметтердің жұмысын бұзуға бағытталған әрекет деп бағалап, сабыр сақтауға шақырды.

Ұлттық БАҚ-тың хабарлауынша, префектілер бүгін жабық болатын лицейлердің алдында наразылық акцияларын өткізуге тыйым салды.

Әділет министрлігінің мәліметінше, 28 қыркүйектен бері аталған наразылық акцияларына байланысты 1793 адам қамауға алынды.

Франция Ішкі істер министрлігінің дерегіне сәйкес, кеше наразылық акциялары барысында 1949 адамға қатысты құқықтық шара қолданылды. Сондай-ақ бір күн ішінде 305 полиция және жандармерия қызметкері жарақат алды.

Кеше өткен наразылық акциялары елдегі 3 мың 700-ге жуық лицейдің 1027-сін қамтыды.

Францияда лицей оқушылары өткен аптадан бері білім беру жағдайын жақсартуды, мектептеріне көбірек қаржы бөлуді және қызметкерлер санын арттыруды талап етіп, наразылық акцияларын өткізіп келеді.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді