ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресейдің Украинаға зымыран шабуылдары күшейді
Киев баллистикалық зымыран шабуылына ұшырады. Запорожьеде бес адам қаза тауып, 20 адам жараланды.
Ресейдің Украинаға зымыран шабуылдары күшейді
Ресейдің Украинаға зымыран шабуылдары күшейді. / Reuters

Ал сейсенбі күні Запорожьеге жасалған Ресей шабуылдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 20 адам жараланды.

Тілшілер бірнеше қуатты жарылыстың дауысын естігенін хабарлады. Ал қала мэрі Виталий Кличко әлеуметтік желіде Киевтің «баллистикалық зымыран шабуылына ұшырағанын» жазды.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы Запорожье қаласының губернаторы Ресей шабуылы салдарынан бес адамның қаза тауып, 20 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Иван Федоров Telegram” желісіндегі мәлімдемесінде: «Бес адам қаза тауып, 20 адам жараланды. Өкінішке қарай, Запорожьеге жасалған жау шабуылынан кейін зардап шеккендер саны артып келеді», – деді.

Шабуылдар күшейді

Президент Владимир Зеленский бұған дейін Ресейдің соғысқа Солтүстік Кореядан қосымша әскер жіберуге дайындалып жатқанын және Пхеньяннан жаңа баллистикалық зымырандар алғанын айтқан еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді

Соңғы апталарда Мәскеу баллистикалық зымырандармен жасалатын шабуылдарды күшейтті. Мұндай зымырандарды АҚШ-тың “Patriot” жүйелерін қоса алғанда тек жекелеген әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері ғана ұстап қала алады.

Украина Ресейдің шекарадан шалғай орналасқан қалаларына бағытталған шабуылдарын күшейтіп келеді.

ДЕРЕККӨЗ: TRT World және ақпарат агенттіктері

Іздеу
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді