САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп әкімшілігі мыңдаған адамды әлеуметтік қамсыздандыру тізімінен шығарды
Мигранттарды «қаза тапқандар тізіміне» қосу «құжатсыз мигранттарға елден кетуге қысым көрсету» мақсатын көздейтіні хабарланды.
Трамп әкімшілігі мыңдаған адамды әлеуметтік қамсыздандыру тізімінен шығарды
/ AP
11 Сәуір 2025

АҚШ-тың медиа деректері бойынша, Трамп әкімшілігі 6 мыңнан астам мигрантты қайтыс болған әлеуметтік қамсыздандыру алушыларын тіркейтін деректер базасына қосып, осылайша олардың жәрдемақылары мен жұмыс істеу құқықтарын іс жүзінде тоқтатты.

“Washington Post” газетінің Ақ Үй өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, мигранттардың аталмыш «өлім тізіміне» енгізілуі құжатсыз мигранттарға елден кету үшін қысым жасауға бағытталған.

Бұл саясат Дональд Трамптың екінші президенттік кезеңіндегі Ақ Үй жүргізген өзге де қатаң миграциялық шаралармен үйлесіп отыр. Бұл шаралар қатарында 200-ден астам күдікті бандиттің Сальвадордағы атышулы түрмеге жіберілуі жағдайы да бар.

Әлеуметтік қамсыздандыру нөмірі (SSN) – АҚШ-тағы адамдар үшін табыс туралы есеп беру, әлеуметтік көмекке құқығын анықтау және өзге де мақсаттарда қолданылатын маңызды сәйкестендіру құралы.

Сондай-ақ жүздеген мың заңсыз мигрант АҚШ-та әлеуметтік қамсыздандыру нөміріне ие.

Бұл азаматтардың көпшілігі Байден әкімшілігі кезінде елге уақытша кіруге рұқсат алған, бұл шешім шекараны заңсыз кесіп өтуді азайту мақсатын көздеген.

Жүйенің қаруға айналдырылуы


Washington Post басылымына сөйлеген Ақ Үй өкілі бір адам әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде қайтыс болды деп тіркелген жағдайда көптеген жұмыс беруші, үй иесі, банк пен федералдық мекеме бұл адамды жүйеден шығарып тастайтынын, бұл болса оның елде өмір сүру мүмкіндігін толығымен жоятынын айтты.

БАҚ мәліметінше «өлім тізімін» қолдану шешімі Илон Маск басқаратын Үкімет тиімділігі департаментінің (DOGE) қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан.

New York Times газеті үкіметтік құжаттарға сүйенген хабарында алғашқы кезеңде бұл тізімге енгізілген 6 300 адамның «қылмыстық сотталғандар мен күдікті террористерден» құралғанын жазды.

Алайда екі басылым да бұл тәжірибе алдағы уақытта құжатсыз мигранттарға да қатысты болуы мүмкін екенін жеткізді.

Құжатсыз мигранттарға қарсы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің «қаруға айналдырылуы» сейсенбі күні жарияланған басқа бір қадам саналатын Салық қызметі (IRS) жинаған салық төлеуші деректерінің көші-қон органдарымен бөлісу бастамасымен қатар жүріп отыр.

Миллиондаған құжатсыз мигрант құқықтық көші-қон мәртебесін күшейту және әлеуметтік қамсыздандыру секілді ірі федералдық бағдарламалардың қаржылық тұрақтылығына үлес қосу мақсатында көп жылдан бері салық төлеп келеді.

Іздеу
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді