ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Хиросима мэрі әлемдік державаларды ядролық тежеу саясаты мен күш қолданудан бас тартуға шақырып, мұндай саясаттың жаңа ядролық апатқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығы / Reuters

Жапонияның батысындағы Хиросима қаласы АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығын атап өтуде. Қала мэрі ұлы державаларды соғысты қоздырғаны үшін сынға алып, ядролық қаруды тежеу құралы ретінде заңдастыруды тоқтатуға шақырды.

Хиросима Бейбітшілік мемориалды саябағындағы рәсімде бейбітшілік декларациясын оқыған мэр Кадзуми Мацуи: «Ядролық қарудың адамгершілікке жатпайтын жағын елеусіз қалдыру және өз әл-ауқаты үшін күш қолдануға көз жұма қарау, соңында жаңа Хиросима немесе Нагасакимен аяқталуы мүмкін қатыгез кек алу спиралына әкелуі мүмкін», — деді.

Мацуи көптеген саяси көшбасшының әлі де ядролық тежеуді шынайы тәсіл ретінде көріп, зорлық-зомбылықты заңдастырып отырғанын, бұл «ядролық қарусыз әлемнен күн сайын алыстап бара жатқанын» баса айтып, баршаны өткеннен сабақ алып, әрекет етуге шақырды.

Рәсім және қатысушылар

Рәсімге Америка Құрама Штаттары мен Иранды қосқанда 120-ға жуық ел мен аймақ өкілдерімен бірге 50 000-ға жуық адам қатысты.

АҚШ-тың “B-29” бомбалаушы ұшағы қаланы соққыға жыққан сәт — сағат 08:15-те бейбітшілік қоңырауы соғылып, бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.

Еске алу рәсіміне премьер-министр лауазымында алғаш рет қатысқан Санаэ Такаичи ядролық қару қайтадан ешқашан қолданылмайтын әлемге қол жеткізу мақсатында Ядролық қаруды таратпау туралы шарт шеңберінде «шынайы бағытты» ұстанатынын білдірді.

Тарих және аман қалғандар

1945 жылғы 6 тамызда Хиросимаға жасалған атом бомбасы шабуылы қаланы жермен-жексен етіп, 140 000 адамның өліміне әкеп соқты.

Үш күннен кейін Нагасакиге тасталған екінші бомба 70 000 адамның өмірін қиды.

Жапония 15 тамызда тізе бүгіп, Екінші дүниежүзілік соғысқа нүкте қойды.

Шабуылдан аман қалғандардың саны бастапқы көрсеткіштің төрттен біріне дейін азайып, 91 105 адамды құрады, ал олардың орташа жасы 86-дан асты. Ең жас аман қалғандардың өзі шабуылды анық есте сақтай алмайтындай кішкентай болғаны естеліктердің өшіп бара жатқаны туралы алаңдаушылық туғызады.

Іздеу
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды