Ресей «ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін нақты қадамдарды шұғыл түрде басу қажеттігін» хабарлады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ Әскери-әуе күштерінің хатшысы Трой Мейнктің «ғарышты бақылауда ұстау үшін қажетті қаруларға ие екендері» туралы мәлімдемесіне қатысты журналистерге мәлімдеме жасады.

АҚШ-тың бұл мәселеде қиратушы ұстанымда екенін білдірген Захарова мұның кері салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін атап өтіп, былай деді:
«Вашингтон өзінің тар мүдделері үшін ғарышта болатын кез келген қарулы қақтығыстың адамзат үшін тудыратын апатты салдарларын толығымен елеусіз қалдыруға дайын. Бұл ғарышқа қатысты зерттеулер мен елдердің ғарышты игеру мүмкіндігіне қауіп төндіреді, сондай-ақ Жердегі көптеген әлеуметтік және экономикалық процесс үшін тәуекел туғызады. Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек».
Ресми өкіл Захарова ғарышта қару-жарақты орналастыруға тыйым салу бойынша келіссөздерді дереу бастау керектігін жеткізді.

















