САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Испания Газадағы геноцидті тоқтату үшін бірнеше шара қабылдады
Педро Санчес: «Израильдің жасап отырғаны – өзін-өзі қорғау емес, қорғансыз халықты жою», – деді.
Испания Газадағы геноцидті тоқтату үшін бірнеше шара қабылдады
/ AA

Испания Премьер-министрі Педро Санчес дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Газаға қатысты геноцидті тоқтатуға байланысты тоғыз жаңа шара қабылдағанын мәлімдеді.

Санчес сұхбатында: «Израильдің жасап отырғаны – өзін-өзі қорғау емес, қорғансыз халықты жою», – деді.

Санчес Испанияның 2023 жылдан бері Израильге қару-жарақ экспорттауға тыйым салып келе жатқанын, алайда енді үкімет осы тыйымды тұрақтандыратын заңды шұғыл қабылдайтынын айтты.

Сондай-ақ Мадрид Израиль күштеріне жанармай таситын кемелердің испан порттарын пайдалануына тыйым салады. Қорғаныс материалдарын таситын ұшақтарға да Испания әуе кеңістігінен өтуге рұқсат берілмейді.

Санчес Газа геноциді, құқықбұзушылық және соғыс қылмыстарына тікелей қатысы бар тұлғалардың Испанияға кіруіне тыйым салынатынын атап өтті.

«Бұл шаралардың соғыс қылмыстарын біржола тоқтатуға жеткіліксіз екенін білеміз. Бірақ Премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға қысым жасайтын және Палестина халқының көрген қиындығын жеңілдететін әрекет деп үміттенеміз», – деді Санчес.

Басқа шаралар қатарында Батыс Шерия мен Газадағы заңсыз израильдік қоныстарда жасалған импортқа тыйым салу, оккупацияланған аймақтарда тұратын испандықтарға консулдық қызмет деңгейін төмендету,  Испанияның Рафахқа  қолдауын күшейтіп, Палестина әкімшілігімен бірге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге арналған жаңа бірлескен жобаларды дамыту қарастырылған.

Сондай-ақ Испания палестиналық босқындарға көмек көрсететін БҰҰ агенттігіне (UNRWA) қосымша 10 млн еуро бөледі және 2026 жылға дейін Газаға 150 млн еуро көлемінде қосымша гуманитарлық көмек беруді уәде етеді.

Санчес: «Испания жалғыз өзі соғысты тоқтата алмайды, бірақ бұл әрекетсіздігімізді де білдірмейді», – деп түйіндеді.

 

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты