ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей Әскери-теңіз күштері бас штаб бастығының орынбасары қаза тапты
Билік өкілдері Михаил Гудковтың қызмет барысында басқа да сарбаздармен бірге қаза тапқанын мәлімдеді.
Ресей Әскери-теңіз күштері бас штаб бастығының орынбасары қаза тапты
/ DPA

Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей Әскери-теңіз күштері бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Михаил Гудковтың Ресейдің Курск облысының шекара маңында қаза тапқаны туралы мәліметті растады. Бұл ақпаратты «TASS» агенттігі жариялады.

Сонымен қатар Ресей Әскери-теңіз күштері бас штаб бастығының орынбасары Михаил Гудковтың Курск облысында бейсенбі күні қаза тапқаны Приморье губернаторы Олег Кожемяко тарапынан да расталған болатын.

Кожемяко бейсенбі күні Курск облысында қаза тапқандардың отбасыларына, достарына және әріптестеріне көңіл айтты.

Кожемяконың мәлімдемесіне қарағанда Гудков қызмет барысында қарулас достарымен бірге қаза тапқан. Приморье басшысы: «Досымыз Нариман Шихалиев командирмен бірге қаза тапты»,  - деді.

Ресей мен Украинаның бейресми «Telegram» арналары бұған дейін Гудковтың Курск облысының Коренево ауылындағы әскери орталыққа жасалған Украина шабуылы кезінде он әскери қызметкермен бірге қаза тапқанын хабарлаған болатын. Бұл ақпарат «Reuters» агенттігі тарапынан да расталды.

Гудков Украина тарапынан өлтірілген Ресейдің ең жоғары лауазымды әскери шенеуніктерінің бірі болды.

Ол Украинаға қарсы әскери әрекеттерде көрсеткен ерлігі үшін марапаттарға ие болған және Киев тарапынан «соғыс қылмыстары» бойынша айыпталған.

Ресей президенті Владимир Путин наурыз айында Гудковты Әскери-теңіз күштері бас штаб бастығының орынбасары ретінде тағайындаған болатын. Бұл ақпарат Кремльдің ресми сайтында жарияланған.

Гудков Курскта соғысып жатқан Ресейдің Тынық мұхит флотына қарасты теңіз жаяу әскерлер бригадасын басқарды.

2024 жылдың тамыз айында Курсктың кейбір аудандары Украина күштерінің күтпеген шабуылы нәтижесінде жаулап алынған болатын. Алайда Ресей биыл бұл аймақты қайта алғанын мәлімдеді.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады