ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Израильдің шешімін айыптады
Түркия, Мысыр, Иордания және Парсы шығанағы елдерінен жоғары деңгейлі дипломаттар Израильдің қоныстандыру саясаты мен Палестина аумақтарын аннексиялауға бағытталған қадамдарын қабылдамай, халықаралық қауымдастықты нақты әрекет етуге шақырды.
Түркия Израильдің шешімін айыптады
Түркия Израильдің шешімін айыптады / AA

Түркия, Мысыр, Иордания, Индонезия, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Израильдің басып алынған Батыс Шериядағы соңғы шараларын қатаң айыптады.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде бұл шаралардың заңға қайшы Израиль егемендігін үстем етуді, қоныстандыру әрекеттерін түбегейлі орнықтыруды көздейтіні, осылайша Палестина халқын күштеп көшіру мен аннексиялау қадамдарын жеделдетуге бағытталғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Израильдің басып алынған аумақтарда ешқандай егемендігі жоқ екені, мұндай әрекеттердің аймақтағы зорлық-зомбылық пен қақтығысты ушықтыратыны баса айтылды.

Сондай-ақ министрлердің халықаралық құқықты ашық түрде бұзатын, екі мемлекет негізіндегі шешімді әлсірететін және Палестина халқының 1967 жылы 4 маусымда қабылданған шекара негізінде астанасы басып алынған Иерусалим болатын тәуелсіз, әрі егемен мемлекет құру жөніндегі ажырамас құқығына қарсы бағытталған бұл заңсыз әрекеттерді еш қабылдамайтыны айтылды.

ҚатыстыИзраильдің басқыншы күштері палестиналық жасөспірімге шабуыл жасады - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Мәлімдемеде бұл қадамдардың аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған күш-жігерге де нұқсан келтіретіні атап өтілді.

Заңды күші жоқ

Министрлер басып алынған Батыс Шериядағы бұл заңсыз әрекеттердің заңды күші жоқ екенін атап өтіп, олардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық қарарларын, әсіресе 1967 жылдан бері басып алынған Палестина аумақтарының, соның ішінде Шығыс Иерусалимнің демографиялық құрылымын, сипатын және мәртебесін өзгертуге бағытталған барлық Израиль әрекеттерін айыптайтын №2334 қарарды ашық түрде бұзатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар мәлімдемеде Халықаралық соттың 2024 жылғы консультативтік қорытындысына сілтеме жасалып, Израильдің басып алынған Палестина аумақтарындағы саясаты, тәжірибелері және жалғастырып отырған операциясының заңсыз деп танылғаны, Израиль оккупациясын тоқтатудың қажеттігі атап көрсетілгені және Батыс Шериядағы бұл заңсыз әрекеттердің заңды күші жоқ екені айтылды.

Министрлер халықаралық қауымдастықты құқықтық және моральдық жауапкершіліктерін орындауға шақырып, Израильге басып алынған Батыс Шериядағы қауіпті шиеленісті тоқтату үшін қысым көрсетуге үндеді.

Мәлімдемеде екі мемлекет негізіндегі шешім, халықаралық қарарлар және Араб бейбітшілік бастамасы аясында Палестина халқының өз тағдырын анықтау және мемлекет құру жөніндегі заңды құқықтарын жүзеге асыру аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін әділ, әрі жан-жақты бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы екені атап өтілді.

Жексенбі күні Израильдің Қауіпсіздік кабинеті басып алынған Батыс Шерияда Израиль бақылауын күшейтуге бағытталған құқықтық және азаматтық негіздерді өзгерту жөніндегі шараларды мақұлдады.

Израильдің мемлекеттік хабар таратушысы «KAN»-ның мәліметінше, бұл шешімдер Батыс Шерияда Палестина жерлерін еврейлерге сатуға тыйым салатын заңның күшін жоюды, меншік тіркеулерін ашуды және Әл-Халилдегі бір қоныс алаңында құрылысқа рұқсат беру өкілетін Палестина муниципалитетінен Израильдің азаматтық әкімшілігіне беруді қамтиды.

Іздеу
Түркия мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері жер сілкінісінен кейін көмек мәселесін талқылады
“Трамп әкімшілігі Конгреске қарамастан “KAAN”  үшін қозғалтқыш сатуды жоспарлап отыр"
Президент Ердоған Венесуэлаға қолдау білдірді
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Министр Байрактар Түркия үшін атом энергетикасының ерекше маңызға ие екенін атап өтті
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Қаратеңіз жағалауындағы дрон шабуылынан екі түрік теңізші жараланды
Президент Ердоған Ирак премьер-министрімен сөйлесті
Польша президенті Түркияға сапарлай келеді
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
«Türkiye is Here»: Лос-Анджелесте Түркияны танытатын арнайы алаң ашылды