ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ердоған Финляндия президентімен сөйлесті
Президент Ердоған Александр Стуббқа Украина мен Ресей арасындағы бейбітшілік үдерісінің табысты аяқталуы үшін Түркияның күш салып жатқанын айтты.
Ердоған Финляндия президентімен сөйлесті
Ердоған Финляндия президентімен сөйлесті / AA

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдеуінше, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Финляндия президенті Александр Стубб сәрсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қатынастарды, сондай-ақ аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылады.

Анкараныӊ Хельсинкимен сауда айналымын арттыруға бағытталған күш-жігеріне тоқталған Ердоған алда басылатын қадамдар арқылы екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі ілгерілетуді көздейтінін айтты.

Ердоған Түркияның Украина мен Ресей арасындағы бейбітшілік үдерісінің табысты аяқталуы үшін күш салып жатқанын, сондай-ақ Стамбул келіссөзі берік дипломатиялық платформа қалыптастырғанын атап өтті.

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, телефон әңгімесі барысында Палестина мәселесі де көтерілген. Ердоған Газадағы атысты тоқтату режимінің орындалуын мұқият бақылап отырғанын, тұрақты бейбітшіліктің тек екі мемлекет негізіндегі шешім арқылы мүмкін болатынын айтып, Финляндияның Палестина мемлекетін тануына қуанышты екенін жеткізді.

Сондай-ақ Ердоған Финляндияда жыл сайын 6 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күнімен Президент Стуббты құттықтады.

 

Іздеу
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Жеті елдің сыртқы істер министрлері Стамбулда бас қосады
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі НАТО Бас хатшысымен кездесті
Министр Фидан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Ирактағы балаларға көмек көрсетті
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты