ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Грекияда түрік азшылығының мектебіне жасалған шабуылды айыптады
Түркия Грекиядағы түрік азшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шабуыл жасағандардың жедел түрде анықталуы үшін шұғыл әрекет етуге шақырды.
Түркия Грекияда түрік азшылығының мектебіне жасалған шабуылды айыптады
Түркия Грекияда түрік азшылығының мектебіне жасалған шабуылды айыптады / AA

Түркия Грекияның Батыс Фракия өңіріне қарасты Родопи аймағындағы Каражаоғлан ауылында орналасқан түрік азшылығына тиесілі бастауыш мектепке жасалған шабуылды қатаң айыптады.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнджү Кечели жұма күні «X» әлеуметтік желісінде «Грекияның Батыс Фракия аймағындағы Каражаоғлан ауылында орналасқан және 2021–2022 оқу жылында грек билігі тарапынан жабылған Батыс Фракия түрік азшылығына тиесілі бастауыш мектепке белгісіз адамдардың жасаған шабуылын айыптаймыз»,- деді.

Каражаоғлан ауылындағы шабуыл жергілікті тұрғындардың 4 қаңтар күні келтірілген шығынды байқауымен белгілі болды. Кейін полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Кечели Грекия билігінен оқиғаның толық ашылуын, кінәлілердің жедел түрде анықталуын және қажетті шаралардың қабылдануын күтетіндерін атап өтті.  

Сонымен қатар ол: «Каражаоғланда тұратын қандастарымызбен біргеміз және Түркия ретінде Лозанна бейбітшілік келісімімен кепілдік берілген Батыс Фракия түрік азшылығының құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қадағалауды жалғастыратынымызды тағы да атап өтеміз», - деді.

Батыс Фракия түрік азшылығының Кеңес беру кеңcесі ұқсас оқиғаның бұған дейін де болғанын еске салып, шабуылды айыптады.

Іздеу
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»