ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«TEKNOFEST» фестивалі басталды
Іс-шара өнертабыс иелерін, кәсіпкерлерді, студенттерді және технология саласының өкілдерінің басын қосып, жаңа технологияларды таныстыруға және ынтымақтастықты дамытуға үлес қоспақ.
«TEKNOFEST» фестивалі басталды
«TEKNOFEST» фестивалі басталды

Авиация, ғарыш және технология фестивалі «TEKNOFEST» Оңтүстік-шығыс бүгін Шанлыурфадағы «GAP» әуежайында басталды.

«TEKNOFEST» Оңтүстік-шығыс аясында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) мен Еуропа патент ұйымының (EPO) қолдауымен «TÜRKPATENT ISIF'26» іс-шарасы өтіп жатыр.

«TÜRKPATENT ISIF'26» өнертабыс иелерін, кәсіпкерлерді, студенттерді және технология саласының өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, жаңа технологияларды таныстыруға және ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

«TÜRKPATENT ISIF'26» көрмесіне Әзербайжан, Франция, Иран, Жапония, Канада, Солтүстік Македония, Өзбекстан, Тәжікстан, Тунис және Йеменнен қатысушылар келеді. Көрмеде 11 елден 367 жоба таныстырылады.

Көрме аясында семинарлар мен отырыстар өтеді

«TÜRKPATENT ISIF'26» аясында «TÜRKPATENT» пен «WIPO» сарапшыларының қатысуымен түрлі семинарлар мен отырыстар ұйымдастырылады.

Іс-шаралар барысында қатысушыларға жобаларды коммерцияландыру, өнеркәсіптік меншік нысандарына өтінім беру және оларды тіркеу үдерістері жөнінде ақпараттық әрі кеңес беру қызметтері көрсетіледі.

Патенттік кездесу жүйесі аясында қатысушылар мен кәсіпкерлерге өнеркәсіптік меншік құқықтарын рәсімдеу тәртібі жөнінде ақпарат беріледі.

Сондай-ақ көрмеде студенттер мен жастарға арналған жүлделі сайыстар өткізіліп, зияткерлік және өнеркәсіптік меншік туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.

«WIPO» өкілдері жобалармен танысады

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдері көрмеге қойылған жобалар мен технологияларды қарап, озық тәжірибелер жөнінде пікір алмасады. Сондай-ақ олар екіжақты кездесулер өткізбек.

Көрмеге қойылған жобаларды қазылар алқасы жан-жақты бағалайды.

Бағалау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар «TÜRKPATENT ISIF'26» марапаттау рәсімінде жүлделерін алады.

Көрме аясында 12 арнайы марапатпен қатар үздік жобаларға алтын, күміс және қола медальдар табыстау көзделіп отыр.

 

 

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді