Президент Ердоған Әзербайжанда
Түркия президенті Әзербайжанның Қарабақ аймағында өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 17-ші саммитіне қатысуда.
Президент Ердоған Әзербайжанда
/ AA

Президент Режеп Тайып Ердоған ұйымға мүше елдер арасындағы экономикалық байланысты нығайтуды мақсат ететін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 17-ші саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға барды. Саммит Қарабақ аймағының Ханкенди қаласында өтіп жатыр.

Президент жұма күні алдымен Физулиге кейін саммит өтетін қалаға барды. Президент Ердоғанмен бірге саммитке Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Сауда министрі Өмер Болат, Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу, Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ сияқты Түркияның жоғары лауазымды тұлғалары қатысады.

Стратегиялық платформа

1985 жылы Түркия, Иран және Пәкістан тарапынан құрылған Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерінің қатысуымен ауқымды аймақтық ұйымға айналды.

Саммиттер экономикалық интеграцияны ілгерілетуге, аймақтық байланыстарды нығайтуға арналған саяси диалог алаңы.

Биылғы саммит Әзербайжан Қарабақта толық бақылау орнатқаннан кейін Оңтүстік Кавказға деген геосаяси қызығушылық артқан кезде өтіп жатыр.

Әзербайжанның жақын одақтасы ретінде Түркия Бакудың қақтығыстан кейінгі даму талпынысын және Азия мен Еуропаны байланыстыратын Орта дәліз жобасын кеңейтудегі күш-жігерін қолдайды.

Президент Ердоғанның саммитке қатысуы Анкараның аймақтық ынтымақтастыққа және Әзербайжанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға деген табандылығын көрсетеді.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді