ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
«Artemis» астронавттары Ай маңынан өтуге дайындалуда
«NASA»-ның «Artemis II» миссиясындағы төрт астронавт адам бұрын-соңды көрмеген көріністерді тамашалағаннан кейін Айдың «тартылыс аймағына» кіруге дайындалуда.
«Artemis» астронавттары Ай маңынан өтуге дайындалуда
«Artemis» астронавттары Ай маңынан өтуге дайындалуда / AP
15 сағат бұрын

Бұл  ̶  адамзаттың соңғы 50 жылдан астам уақыттан кейін жүзеге асыратын алғашқы маңызды миссиясы.

«NASA» мәліметінше, 10 күндік миссияның бесінші күнінде «Orion» ғарыш кемесі Жерден шамамен 346 000 шақырым және Айдан шамамен 104 000 шақырым қашықтықта болған.

Бұған дейін «NASA» экипажы алыстан Ай мен «Orientale» аймағы көрінетін суретті жариялаған еді. Агенттік бұл миссия арқылы аталған аймақтың толық көрінісі алғаш рет байқалып отырғанын атап өтті.

Келесі маңызды кезең осы түнде жүзеге асуы мүмкін.  Ғарыш кемесі Айдың тартылыс аймағына еніп, сол сәттен бастап Айдың тартылыс күші Жердікінен басым болады.

Астронавттар Айдың жанынан өту барысында оны тікелей бақылап, борттағы камералар арқылы суретке түсіреді.

Рекорд жаңартқан миссия

«NASA» экипаждың басқару сынақтарын аяқтағанын және Айға жақын ұшып өту жоспарын қайта қарап шыққанын хабарлады. Бұл жоспарлар маңызды жер бедері нысандарын картаға және суретке түсіруді де қамтиды.

Сонымен қатар мамандар ғарыш кемесінің тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін мұқият қадағалауда.

Миссияның бесінші күні астронавттар ұшыру, атмосфераға қайта кіру және кабина қысымының төмендеуі сияқты төтенше жағдайларға арналған арнайы қорғаныс костюмдерін сынақтан өткізді.

Егер ұшу жоспар бойынша жалғасса, бұл экипаж адамзат тарихында ешкім жетпеген қашықтыққа дейін ұшуы мүмкін.

Астронавттар Айдың арғы бетімен өтуді жоспарлауда. Осы сәтте олардың Жермен байланысы уақытша үзіледі.

«NASA» атап өткендей миссия барысында жиналатын деректер болашақтағы Ай бағдарламалары, соның ішінде «Artemis III» және «Artemis IV» үшін аса маңызды болмақ.

Іздеу
Ирандағы 20-дан астам денсаулық сақтау нысанына соққы жасалды
Энергия мен тыңайтқыш бағасының көтерілуі азық-түлік құнын арттыруда
Иран АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшағын атып түсірді ме?
Президент Ердоған әлемде су дағдарысының күшею қаупі туралы білдірді
Түркиядан маңызды ескерту: «Таяу Шығыстағы соғыс аймаққа таралуы мүмкін»
Иран: «Ормуз бұғазы әлемге ашық,  қарсыластарға жабық»
Еуропалық Одақ Ормуз бұғазында кеме қатынасы еркіндігін қорғауға уәде берді
Ормуз бұғазына байланысты Иранға қысым күшейді
АҚШ елшілігі америкалықтарға Ирак аумағынан кету туралы ескерту жасады
Таяу Шығыс дағдарысы энергетика нарығын шайқады
Индонезияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды, 1 адам қаза тапты
Хезболла Ливандағы Израиль әскеріне шабуылдады
Иранның жоғары лауазымды шенеунігі АҚШ-Израиль шабуылында ауыр жараланды
Израиль Газа секторының шығыс бөлігін бомбалады
Төрт астронавт Айды айналып өтетін миссияға аттанды