Өзбекстанда Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынуда
Кеңестік режим тарапынан 1937–1953 жылдары 100 мыңнан астам адамы қамалған немесе жер аударылған, сондай-ақ 13 мыңға жуық адамы атылған Өзбекстанда жыл сайын 31 тамызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары өткізіледі.
Өзбекстанда Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынуда
Өзбекстанда Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынуда

Өзбекстанда Кеңес Одағы кезеңінде «режимге қарсы» деген айыппен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, қамауға алынған, жер аударылған немесе атылған азаматтарды еске алу мақсатында жыл сайын 31 тамызда түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Елде 2001 жылдан бері «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» ретінде атап өтілетін 31 тамызда елорда Ташкенттегі «Шейіттер аллеясы” мемориалдық кешенінде еске алу бағдарламасы өтеді.

Саяси репрессия құрбандарын 31 тамызда, елдің Тәуелсіздік күні болып табылатын 1 қыркүйектен бір күн бұрын еске алудың ерекше мәні бар.

Биылғы рәсімде президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы атап өтіліп жатқан осы күндері бостандық пен тәуелсіздік жолында жанын қиғандардың рухын ардақтаудың маңызды екенін баса айтты.

Мирзиёев: «Осындай қасиетті күндерде азаттық пен бостандық жолында құрбан болған қаһарман бабаларымызды еске алу, олардың аруағына құрмет көрсету — біздің қасиетті борышымыз», — деді.

Қаһарман бабалардың ерлігі ұмытылмауы тиіс екенін жеткізген Мирзиёев олардың күресі болашақ ұрпақ үшін рухани қуат көзі болып қала беретінін атап өтті.

100 мыңнан астам адам саяси репрессияға ұшырады

Ресми мәліметтерге сәйкес, Кеңес өкіметінің Өзбекстанда әсіресе 1937–1953 жылдары жүргізген саяси қуғын-сүргін науқаны аясында 100 мыңнан астам адамға «ұлтшыл», «Кеңеске қарсы» және режимге қарсы басқа да айыптар тағылып, қамауға алынды немесе жер аударылды, ал 13 мыңға жуық адам атылды.

Ол кезеңдегі репрессия әсіресе елдің алдыңғы қатарлы зиялыларын, жазушыларын, ақындары мен ғалымдарын нысанаға алды. Олардың қатарында өзбек әдебиетінің көрнекті өкілдері Абдулла Кадыри, Мунаввар Кари, Абдурауф Фитрат және Абдулхамид Сулейман Чолпан бар.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді