ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Камбоджа мен Тайланд арасындағы дау өршіді
Екі ел 26 қазанда жасалған бітім шартын бұзды деп бірін бірі айыптап отыр.
Камбоджа мен Тайланд арасындағы дау өршіді
Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекара аймағындағы қақтығыстар кезінде адамдар қашуда. Оддар, Камбоджа, 2025 ж 8 желтоқсан. / Reuters

Камбоджа Қорғаныс министрлігі соңғы шабуылда жеті бейбіт тұрғын қаза тапқанын және бірнеше адамның жараланғанын хабарласа, Тайланд үйлер шекарадан атылған снарядтардан бүлінгенін мәлімдеді.

Камбоджа Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал Мали Сочета сейсенбі күні мемлекеттік “Agence Kampuchea Presse” агенттігіне берген сұхбатында Тайланд күштерін Камбоджа аумағында «агрессиялық» әскери әрекет жасады деп айыптады. Оның айтуынша, дүйсенбі күнінен бері кемінде жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, 20 адам жараланған.

Ол бұл әрекеттерді «адамгершілікке жат және қатыгез» деп атап, Тайланд күштерін 26 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагимнің қатысуымен екі ел басшысы қол қойған бітім мен Бірлескен декларацияны бұзды деп айыптады.

Сонымен қатар “Khmer Times” газеті Пурсат провинциясының Тхма Да аймағындағы Камбоджа казиносына Тайланд әскері шекара асып артиллериялық соққы жасағаннан кейін шабуыл болғанын жазды.

Камбоджалық БАҚ Тайланд әскері F-16 жойғыштарын қолданғанын және Оддар Менчей провинциясының Самронг қаласына бомба тастағанын хабарлады.

Алайда Анадолы агенттігі казиноға шабуыл жасалғаны мен Самронгқа бомба тасталғаны туралы ақпаратты растай алмады. Тайланд билігі әзірге оқиға жөнінде ресми мәлімдеме берген жоқ.

Іздеу
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
Иран АҚШ-тың MQ-9 дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Таиландта су тасқынынан 80 адам қаза тапты
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Ресей Киевтегі метро станциясына шабуыл жасады
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді