ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған шабуылында кем дегенде 40 адам қаза тапты
Венесуэланың жоғары лауазымды бір өкілі «New York Times» газетіне берген мәлімдемесінде, Америка Құрама Штаттары президенті Трамп Николас Мадуроны нысанаға алған операция барысында бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлердің қаза тапқанын айтты.
АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған шабуылында кем дегенде 40 адам қаза тапты
АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған шабуылында кем дегенде 40 адам қаза тапты / Reuters

«New York Times» газетінің мақаласына қарағанда АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы бағытталған және ел президенті Николас Мадуроны ұрлап әкетуді көздеген әскери операциясы салдарынан кем дегенде 40 адам қаза тапқан.

Мақалада есімін атамауды өтінген Венесуэланың жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасалып,  «Шабуыл кезінде бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді қоса алғанда кемінде 40 адам көз жұмды», - делінген.

АҚШ-тың ресми тұлғалары газетке берген ақпаратында, бұл шабуыл құрлыққа әскер енгізілмес бұрын Венесуэланың әуе қорғаныс жүйесін істен шығаруға бағытталған кең ауқымды әуе операциясын қамтығанын айтты.

Мақалада АҚШ өкілдеріне сілтеме жасалып, «Әуе қорғанысын күйрету үшін 150-ден астам ұшақ жіберілді, осылайша әскери тікұшақтар Мадуро орналасқан жерге басып кірген арнайы жасақты тасымалдай алды», - делінген.

Алайда Ақ Үй мен Пентагон адам шығынына немесе операцияның толық ауқымына қатысты әзірге ресми мәлімет жариялаған жоқ.

Мәліметке сәйкес, АҚШ күштері сенбі күні таңертең Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті ұстап, оларды Венесуэладан әкеткен. Дональд Трамп бұл әрекетті драмалық түнгі операция деп сипаттаған.

Трамп Венесуэланы «қауіпсіз, өтпелі кезең» орнағанша АҚШ басқаратынын айтты. Сондай-ақ Нью-Йорктың Оңтүстік федералдық округінің прокурорлары сенбі күні айыптау актісін жариялап, Мадуро мен Флоресті АҚШ аумағына «тонналаған кокаин жеткізді» және басқа да қылмыстар жасады деп айыптады.

Операцияға сын көзбен қарайтын кейбір сарапшылар бұл шабуылдардың халықаралық құқықты бұзатынын, АҚШ Конгресін елемегенін және Венесуэла мен бүкіл аймақта тұрақсыздық қаупін күшейтетінін айтып отыр.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді