ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Жапонияда қалың қар салдарынан 30 адам қаза тапты
Жапонияның солтүстігінде екі апта бойы жалғасқан қалың қар кемінде 30 адамның өмірін қиды.
Жапонияда қалың қар салдарынан 30 адам қаза тапты
2026 ж 30 қаңтар. Аомори қаласында дүкен қызметкері дүкеннің алдында қар күреп жатыр. / AFP

Жапон билігінің хабарлауынша, елде әдеттен тыс қалың қар жауып, соңғы екі аптада 30 адамның өмірін қиған. Құрбандардың бірі — үйінің сыртында биіктігі үш метрге жуық қар үйіндісінің астында қалған 91 жастағы әйел.

Орталық үкімет (ең көп зардап шеккен өңір) Аомори префектурасындағы тұрғындарға көмек көрсету үшін әскерилерді жұмылдырды. Алыс аудандарда қардың қалыңдығы 4,5 метрге дейін жеткен.

Премьер-министр Санаэ Такаити сейсенбі күні таңертең министрлерге өлім-жітім мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін бар күш-жігерін салу жөнінде нұсқау беру мақсатында арнайы отырыс өткізді.

Соңғы апталарда қатты суық ауа Жапон теңізі жағалауы бойында қалың қар жаууына себеп болды. Кейбір аймақтарда қар қалыпты деңгейден екі есе көп жауған.

Өрт және апаттарды басқару агенттігінің мәліметінше, 20–21 қаңтар күндері аралығында қалың қар салдарынан 30 адам көз жұмған.

Аты-жөнін жарияламауды сұраған жергілікті полиция қызметкері AFP агенттігіне берген сұхбатында, полицияның шатырдан қар құлағанын және әйелдің өлімі тұншығудан болғанын анықтағанын айтты. Марқұмның жанынан күрек табылған.

Аомори губернаторы Соичиро Мияшита дүйсенбі күні Жапония армиясынан апат салдарын жоюға көмек сұрағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл көмек әсіресе жалғыз тұратын және қар тазалауда қолдауға мұқтаж қарт адамдарға жәрдем беру үшін қажет.

Губернатор аймақтық орталық Аомори қаласында биіктігі 1,8 метрге дейін жететін қар қабырғалары пайда болғанын айтып, жолдар мен тұрғын үйлерде қар тазалау жұмыстары жеткіліксіз екенін жеткізді.

Баспасөз мәслихатында Мияшита «Шатырлардан құлайтын қар және ғимараттардың опырылуы салдарынан өлім қаупі бар», - деп ескертті.

Іздеу
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр
Украина дрондары түні бойы Ресейге шабуылдады
Шілде айында Батыс Шерияға 2 мың 256 шабуыл жасалған
Иран: “АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз”
Израиль Қорғаныс министрі Кац Иранға сес көрсетті
«Газпром»: «Еуропаның газ қоймаларындағы тапшылық газ жеткізіліміне қауіп төндіреді»
Ресей Украина порттары мен Қаратеңізде әскери жүк тасымалдаған кемеге соққы берді
Росатом: “Қаратеңізде дрон шабуылына ұшыраған контейнерлік кеме суға батты”
Ресей: «Украинаның порты мен әскери жүк кемесін нысанаға алдық»
Мароккодан Испанияға заңсыз өтпек болған 18 мигрант қаза тапты
Иран: “Кувейттегі Ахмед әл-Жабир әуе базасына соққы бердік”
ЕО Ресейдің Польша әуе кеңістігін бұзуын айыптады