ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған АҚШ–Иран келісімін оң бағалады
Президент Ердоған: «АҚШ пен Иран арасында қол жеткізілген келісімді өңірімізде бейбітшілік пен тыныштықтың орнығуы жолындағы маңызды қадам ретінде бағалаймын және оны құптаймын», - деді.
Президент Ердоған АҚШ–Иран келісімін оң бағалады
Президент Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында: «Америка Құрама Штаттары мен Иран арасында қол жеткізілген келісімді өңірімізде бейбітшілік пен тыныштықтың орнығуы жолындағы маңызды қадам ретінде бағалаймын және оны құптаймын. Бүкіл әлем  күткен бұл жаңалық өңірімізде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қалыптасуына жол ашады деп үміттенемін. Келісімге қол қойылатын күнге дейінгі кезеңде шиеленісті күшейтетін мәлімдемелерден, арандатушылық әрекеттерден аулақ болу өте маңызды. Осы нәтижеге қол жеткізуге қосқан ерекше күш-жігері үшін ең алдымен АҚШ пен Иран басшылығына, сондай-ақ Пәкістанға алғыс айтамын. Сонымен қатар Катар мен Сауд Арабиясының дипломатиялық қолдауын жоғары бағалаймын. Түркия ретінде өңірімізде бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз етуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдауды, сондай-ақ дипломатия мен халықаралық құқық негізінде тұрақты шешімдерге үлес қосуды жалғастырамыз».

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?