САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Путин азаматтарды дауыс беруге шақырды.
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр

Ресейде үш күнге созылатын парламент сайлауына дауыс беру басталды.

Сайлауда президент Владимир Путиннің «Біртұтас Ресей» партиясы жеңіске жетуі мүмкін.

Ресей парламентінің төменгі палатасы Мемлекеттік думадағы 450 депутаттық орынның иелерін анықтайтын сайлау жексенбі күні Түркия уақытымен 21:00-ге дейін жалғасады. Алғашқы нәтижелер дауыс беру аяқталғаннан кейін бірден жариялануы мүмкін.

Ресейде 2022 жылдан бері алғаш рет парламент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру Ресей басып алған Украинаның шығысындағы аумақтарда да ұйымдастырылуда.

Ресейлік сайлаушылар мен сарапшылар қазіргі Думада басымдыққа ие «Біртұтас Ресей» партиясы сайлауда жеңіп, заң шығарушы органдағы үстемдігін сақтап қалады деп күтеді.

«Біртұтас Ресейден» бөлек, сайлауға Владимир Путинді және Украинадағы соғыстың жалғасуын әртүрлі деңгейде қолдайтын партияларға ғана қатысуға рұқсат берілді. Олардың қатарында КПРФ коммунистері, ЛДПР ұлтшылдары, «Әділетті Ресей» консерваторлары және «Жаңа адамдар» либералдары бар.

Ресей президенті сәрсенбі күні кешке жасаған үндеуінде азаматтарды дауыс беруге шақырды.

Ол: «Сіздердің таңдауларыңыз бен шешімдеріңіз Украинадағы қақтығыс кезінде миллиондаған адамның жауынгерлерімізді қолдайтынын және халқымыздың біртұтас екенін тағы бір рет көрсетеді», — деді.

Ал сайлауға қатысуына тыйым салынған шетелдегі оппозиция өз жақтастарының санын көрсету мақсатында соғысқа қарсы барлық ресейлікті 20 қыркүйек күні түсте бір мезгілде Владимир Путиннің партиясына қарсы дауыс беруге шақырды.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді