Зеленский АҚШ-тың «NBC News» телеарнасына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғысқа, сондай-ақ Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин, АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путиннің Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен кездесуіне қатысты пікір білдірді.
Владимир Зеленский Украинада жалғасып жатқан соғысты тоқтатуға бағытталған бастамалар міндетті түрде өз елінің қатысуымен өтетін келіссөздерде талқылануы керектігін айтты.
Украинаның мұндай кездесулерге қатыстырылмауын үлкен қателік деп бағалаған Зеленский:
«Ірі мемлекеттер әрдайым бүкіл әлемнің болашағына қатысты шешім қабылдай аламыз деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Қандай да бір ел, тіпті шағын мемлекет болса да, оның қатысуынсыз сол елге қатысты шешім қабылдауға болмайды», – деді.
Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтату үшін АҚШ пен Қытайдың Мәскеуге қысым көрсетуі жеткілікті.
«Егер олар шынымен соғысты тоқтатқысы келсе және саяси ойын жүргізуді көздемесе, мұны жүзеге асыра алады», – деді Украина президенті.





















