ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Осман империясы дәуіріндегі "Арабиялық Лоуренс" туралы барлау құжатын жариялады
Түркияның барлау қызметі 1929 жылғы мұрағат құжатын жариялады, онда Таяу Шығыста ағылшын агент Томас Эдвард Лоуренске тиесілі деп саналатын әрекеттер сипатталған.
Түркия Осман империясы дәуіріндегі "Арабиялық Лоуренс" туралы барлау құжатын жариялады
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы Томас Эдвард Лоуренске қатысты мұрағаттық барлау құжатын жариялады. / Anadolu Agency

Түркияның Ұлттық барлау ұйымы сейсенбі күні «Арабиялық Лоуренс» деген атпен танымал ағылшын офицері және барлаушысы Томас Эдвард Лоуренске қатысты мұрағаттық барлау құжатын жариялады.

Барлау қызметінің ресми интернет сайтында жарияланған құжатта Лоуренстің әскери киімдегі фотосуретімен бірге оның Таяу Шығыстағы жүріс-тұрысы мен қызметіне қатысты барлау деректері қамтылған.

Барлау қызметінің мәліметінше, Лоуренс Мысыр, Сирия және Иракта әртүрлі бүркеншік ат қолданып, түрлі кейіпке еніп саяхаттаған. Аталған құжатта Лоуренстің Мысырда жалған есіммен болғаннан кейін Сирия мен Иракқа өткені, кейінірек Иерусалимге барып, содан соң Суданның Хартум қаласына орныққаны алға тартылады.

Сонымен қатар құжатта Лоуренстің Иерусалимде болған кезінде кейде мұсылман дін мұғалімі, кейде еврей раввині ретінде әрекет етіп, мұсылман және еврей қауымдастықтарымен бөлек-бөлек жиналыстар өткізгені айтылады. Құжатта оның арандатушылық сипаттағы хабарламалар арқылы жергілікті халыққа әсер етуді көздегені алға тартылған.

Мұрағат мәтінінде Осман империясы дәуіріндегі барлау қызметкерлерінің Мысыр, Палестина және Судандағы ағылшын саясатына қатысты анализдері де бар. Онда аймақта іріткі салуға және саяси оқиғалардың барысына әсер етуге бағытталған әрекеттердің болғаны атап өтіледі.

1929 жылғы 23 қыркүйектегі бұл құжат Барлау қызметінің интернет парақшасындағы «Арнайы коллекцияның» «Құжаттар» бөліміне қосылды.

Барлау қызметі бұл құжаттың жариялануы тарихи барлау материалдарын мекеменің цифрлық мұрағаттары арқылы жұртшылыққа қолжетімді ету бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі екенін мәлімдеді.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты