САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Мәскеу 261 украиналық сарбаздың мәйітін қайтарса, Киев 24 ресейлік сарбаздың мәйітін Ресейге тапсырды.
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты / Reuters

Ресей мен Украина бейсенбі күні қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмастырды. Бұл — өткен айдан бері екі ел арасында жүргізілген мәйіт алмасулардың ең соңғысы.

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Шамсаил Саралиев «RBK» басылымына берген мәлімдемесінде Мәскеудің 261 украиналық сарбаздың мәйітін қайтарғанын, ал Киевтің 24 ресейлік сарбаздың мәйітін Ресейге тапсырғанын айтты.

Кейін Украинаның Соғыс тұтқындары мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы бұл алмасуды растады. Орталық «Telegram» арнасында Ресей тарапының мәліметі бойынша 261украиналықтың мәйіті Украинаға қайтарылғанын хабарлады.

Сондай-ақ мәлімдемеде: «Мәйіттерді қайтару үдерісін ұйымдастыруға және оған қолдау көрсетуге көмектескені үшін Халықаралық Қызыл Крест комитетіне шынайы алғысымызды білдіреміз», – делінді.

Ресей мен Украина арасындағы бұған дейінгі осындай алмасу 16 шілдеде өткен. Сол кезде Мәскеу Украинаға 501 адамның мәйітін, ал Киев Ресейге 31 адамның мәйітін қайтарған еді.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды