САЯСАТ
2 ... минут оқылды
“Қытай тауарларына салынған кедендік баж орынды”
АҚШ Қазына министрі Скотт Бессент пен бас сауда келіссөз жүргізушісі Джеймисон Грир Қытайдың Экономика министрі Хэ Лифэнмен Швейцарияда кездеседі.
“Қытай тауарларына салынған кедендік баж орынды”
/ Reuters

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайдан әкелінетін тауарларға 80 пайыздық кедендік баж салығын енгізу “орынды” екенін мәлімдеді. Бұл мәлімдемесін Трамп әлемнің ең ірі екі экономикасы арасындағы сауда соғысын бақылауға алу мақсатында демалыс күндері өтетін келіссөздердің қарсаңында жасады.

Трамп жұма күні “Truth Social” платформасындағы жазбасында «Қытай өз нарығын АҚШ-қа ашуы тиіс. Бұл олар үшін керемет болар еді!!! Жабық нарықтар енді жұмыс істемейді!!!» - деп жазды.

Сонымен қатар ол «Қытайға салынған 80 пайыздық кедендік баж орынды. Бұдан әрі Скотт Б-ге тапсырамын,» - деп қосты.

АҚШ Қазына министрі Скотт Бессент пен бас сауда келіссөз жүргізушісі Джеймисон Грир Қытайдың Экономика министрі Хэ Лифэнмен Швейцарияда кездеседі. Бұл келіссөздер екі ел арасындағы сауда келіспеушіліктерін шешуге бағытталған алғашқы қадам болуы мүмкін.

Трамп қаңтарда екінші мерзімге ресми кіріскеннен бері Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын кедендік бажды 145 пайызға дейін көтерді. Бұл көрсеткіш Трамптың бірінші мерзімі мен Байден әкімшілігі тұсында енгізілген қосымша салықтарға қосымша ретінде енгізілді. Ал Қытай бұл жағдайға жауап ретінде кейбір сирек кездесетін жер элементтерінің экспортына шектеулер қойып, АҚШ тауарларына салынатын кедендік баж салығын 125 пайызға дейін көтерді. Сонымен қатар соя бұршағы мен сұйытылған табиғи газ сияқты белгілі бір өнімдерге қосымша салықтар енгізілді.

Жексенбі күні Женевада өтетін келіссөз Трамп әкімшілігінің өкілдері тарапынан Қытаймен арадағы шиеленісті азайтуға бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді