САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Франция мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтпақ
Франция президенті Эммануэль Макрон бейсенбі күні Пекинде Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөздерінде Франция мен Қытайдың «айырмашылықтарын» еңсеруі керектігін айтты.
Франция мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтпақ
Макрон Си-ге: "Қытай мен Франция айырмашылықтарды еңсеруі тиіс." / Reuters

Қытай басшысы Си Қытайдың Франциямен бірге «кез келген сыртқы араласуды болдырмау» және «Қытай мен Франция арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тұрақтандыру» үшін жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Макронның Қытайға үш күндік сапарының басты мәселесі — Украина дағдарысы және Пекиннің бітімге қол жеткізудегі мүмкін рөлі.

Эммануэль Макрон Сиға: «Әлем бойынша Украинада және соғыс салдарынан зардап шеккен аймақтарда бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек. Бірлесіп жұмыс істеу қабілетіміз шешуші болады», -деді.

Франция президенті сонымен қатар сауда қатынастарын қайта теңестіру қажеттігін атап өтіп, Сиден G7 елдерімен бірге ережеге негізделген экономикалық басқару жүйесін нығайту үшін жұмыс істеуді сұрады.

2017 жылы қызметке кіріскелі бері Қытайға төртінші рет сапар шегіп отырған Макронның Пекинде премьер-министр Ли Цянмен кездесуі, содан кейін Чэнду қаласына баруы жоспарланған.

Іздеу
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр