ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің отырысына төрағалық етті
Түркия Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті 2025 жылғы жетістіктер мен экспорттық көрсеткіштерді талдау үшін Анкарадағы Президенттік кешенде жиналды.
Президент Ердоған Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің отырысына төрағалық етті
Президент Ердоған Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің отырысына төрағалық етті / AA

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің отырысы президенттік кешенде президент Ердоғанның төрағалығымен өткенін хабарлады.

Сәрсенбі күні жарияланған мәлімдемеге сәйкес, комитет 2026 жылдың алғашқы отырысында Түркия қорғаныс өнеркәсібінің 2025 жылы атқарылған жұмыстарды, қорғаныс саласының экспорттағы табыстарын және алдағы мақсаттары мен стратегиялық маңызы бар жобаларды жан-жақты талдаған.

Мәлімдемеде қорғаныс өнеркәсібінің экспорттық жетістіктері, болашақ мақсаттары мен маңызды жобалары қарастырылып, жергілікті, әрі ұлттық қорғаныс өнеркәсібін қолдауға деген берік ұстаным атап өтілгені айтылды.

Сондай-ақ Ұлттық қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің қажеттіліктеріне қатысты қолданыстағы және жүзеге асырылатын жобалар талқыланып,  шешім қабылданғаны хабарланды.

Коммуникация басқармасы Түркия қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктері халқымыз бен мемлекетіміздің мықты қолдауының арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Мәлімдемеде 2026 жылы жұмысты бұдан да жоғары қарқынмен жалғастыру қажеттігі атап көрсетіліп, отандық технологияларды пайдалана отырып, қорғаныс өнеркәсібіндегі дамудың табандылықпен жалғасатыны айтылды.

ҚатыстыТүркияның өркендеген қорғаныс өнеркәсібі - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті