ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) Газа мен басып алынған Батыс Шерияда балалардың қаза табуына себеп болған Израиль шабуылдарынан кейін Тель-Авивті балаларды қорғау үшін батыл әрі нақты қадам басуға шақырды.
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
БҰҰ Газа мен Батыс Шерияда балаларды қорғауға үндеді. (Сурет: Мұрағат) / Reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш сегіз ай бұрын жарияланған бітімге қарамастан Газада «терең белгісіздік пен ауқымды гуманитарлық қасірет» жалғасып жатқанын ескертті.

Қатысты“Мұнда (Газада) балалар өспейді”, - деді. Мен өзімді ұстай алмай, жылап жібердім” - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Балаларды қорғауға үндеу

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (UNICEF) Газа мен басып алынған Батыс Шерияда көптеген бала қаза тапқан немесе жарақат алған соңғы шабуылдардан кейін Израильді «палестиналық балаларды қорғау үшін батыл қадам басуға» шақырды.

UNICEF-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка жөніндегі өңірлік директоры Эдуард Бейгбедер басып алынған Батыс Шериядағы Әл-Халил қаласы маңында жеті айлық сәби қаза тапқан қарулы шабуыл және демалыс күндері Газада жасалған Израиль шабуылдары кезінде сегіз баланың өлтірілуіне назар аударды.

Бейгбедер мәлімдемесінде: «Бұның қалыпты жағдайға айналуына жол беруге болмайды. Балалардың зорлық-зомбылық салдарынан қаза табуы бүкіл әлемнің ашу-ызасын тудырып, барлық деңгейде айыпталуы тиіс», – деді.

Бейгбедер балалар қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған әрбір жағдайда Израиль билігін «ашық, сенімді және жан-жақты тергеу жүргізіп, жауапкершілікті қамтамасыз етуге» шақырды.

Іздеу
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Түркия Сириядағы шабуылды айыптады
Дамаскіде жарылыс болды