ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ шабуылдарынан кемінде 100 адам қаза тапты
Венесуэла армиясы шабуыл кезінде қаза тапқан ондаған әскери қызметкерді жерлеу үшін ел астанасында ұжымдық жерлеу рәсімін өткізді.
АҚШ шабуылдарынан кемінде 100 адам қаза тапты
Рамона Пальма, венесуэлалық сарбаз Сесар Гарсияның анасы, 2026 ж 7 қаңтар / AP

Венесуэла Ішкі істер министрлігі АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған шабуылы салдарынан кемінде 100 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

“TeleSUR” телеарнасының хабарлауынша, Ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде сенбі күні болған шабуыл кезінде Николас Мадуро мен жұбайы Силия Флорестің жараланғанын айтты.

Венесуэла армиясы да сәрсенбі күні ел астанасында шабуыл кезінде қаза тапқан ондаған әскери қызметкерді жерлеу үшін ұжымдық жерлеу рәсімін ұйымдастырды.

Кабельо мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында: «Венесуэла – тарихы мен мұрасы бар ұлт, сондықтан ол берілмейді. Енді бүкіл әлем Николас Мадуроның соғыс тұтқыны екенін және АҚШ-тың халықаралық келісімдердің барлық нормаларын бұзғанын біліп отыр», – деді.

Америкалық күштер елдің солтүстігіндегі нысандарға әуе шабуылы ұйымдастырып жатқан кезде арнайы операция күштері Мадуро мен Флоресті ұрлап, оларды АҚШ-қа алып кету мақсатында Каракаста рейд жүргізді.

Есірткі мен қару-жараққа қатысты айыптаулар бойынша Нью-Йорктегі сотта алғашқы тыңдауларына қатысқан Мадуро мен Флорес өздерін кінәсіз деп мәлімдеді.

Іздеу
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ