УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші турында «Галатасарай» сырт алаңда Францияның «Лилль» командасымен кездесті. Матчқа словениялық төреші Раде Обренович қазылық етті.
Ойынның 2-минутында «Галатасарай» есеп ашты. Бірінші тайм 2:2 есебімен тең аяқталды.
Екінші таймда түркиялық команда тағы екі гол соғып, қарсыласын 4:2 есебімен жеңді.
Осылайша «Галатасарай» Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, ұпай санын үшке жеткізді.
Ал «Лилль» әзірге ұпай жинаған жоқ.




















