САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран парламентінің төрағасы: «Ормуз бұғазында жаңа тепе-теңдік қалыптасып жатыр»
Мохаммад Багер Калибаф: «Теңіз тасымалы мен энергия транзитінің қауіпсіздігі АҚШ пен одақтастарының әрекеттері салдарынан бұзылды», – деді.
Иран парламентінің төрағасы: «Ормуз бұғазында жаңа тепе-теңдік қалыптасып жатыр»
Иран парламентінің төрағасы: «Ормуз бұғазында жаңа тепе-теңдік қалыптасып жатыр» / Reuters

Иран парламентінің төрағасы Мохаммад Багер Калибаф стратегиялық су жолындағы шиеленіс жалғасып жатқан тұста: «Ормуз бұғазында жаңа тепе-теңдік қалыптасып жатыр», – деді.

Калибаф «X» желісіндегі жазбасында «Кеме қатынасы мен энергия тасымалының қауіпсіздігі атысты тоқтату келісімін бұзып, теңіз блокадасын енгізген АҚШ пен оның одақтастарының әрекеттері салдарынан қатерге ұшырады, алайда оның салдары азайтылатын болады», – деп жазды.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы шабуыл бастаған болатын. Бұл Тегеранның Израильге және Парсы шығанағындағы АҚШ одақтастарына жауап қайтаруына, сондай-ақ Ормуз бұғазының жабылуына себеп болды.

Пәкістанның араағайындығымен 8 сәуірде атысты тоқтату келісімі күшіне енді. Ал Исламабадтағы келіссөздерде тұрақты келісімге қол жеткізе алмады.

Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп атысты тоқтату мерзімін ұзартты.

13 сәуірден бері АҚШ Ормуз бұғазында Иранның теңіз қозғалысын нысанаға алған теңіз блокадасын жүргізіп келеді.

Іздеу
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады
БҰҰ Ресей мен Украинаның бір-біріне жасаған шабуылдарына алаңдаулы
Украина келіссөз делегациясы ертең Виткофф және Кушнермен кездеседі
«АҚШ күштері Иранға соққы беру жоспарын әзірлеуде»
Гутерриш Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті
АҚШ Иранға сайлауға дейін соққы беруі мүмкін
Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды