ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Румыния премьер-министрі Марчел Чолаку отставкаға кетті
Орнына уақытша премьер-министр тағайындалады.
Румыния премьер-министрі Марчел Чолаку отставкаға кетті
/ Reuters

Румыния премьер-министрі Марчел Чолаку дүйсенбі күні отставкаға кетті. Бұл шешімді ол демалыс күндері өткен президенттік сайлаудың алғашқы турында өзі қолдаған үміткердің жарыстан шығып қалуы мен әсіре оңшыл кандидат Джордж Симионның жеңісінен кейін қабылдады.

Уақытша президент Илие Боложанның кеңсесі Чолакудың отставкасын қабылдағанын және сейсенбі күні уақытша премьер-министр тағайындалатынын хабарлады.

“Antena3” телеарнасының хабарлауынша, Румынияның Социал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің отырысынан кейін партия жетекшісі болып та табылатын Чолаку коалициялық үкімет қолдаған үміткер Крин Антонескудың жеңілісінен соң қызметтен кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Ол сайлау нәтижелері үкіметтің сеніміне нұқсан келтіргенін айтып,
«Болашақ президент мені қызметтен босатқанын күтудің орнына, отставкаға өз еркіммен кетуге бел будым», -деді.

Сонымен қатар партия 18 мамырда өтетін президент сайлауының екінші турына ешбір үміткер ұсынбайтынын жариялады.

Джордж Симион бірінші турда 40,9%-дан астам дауыс жинап, үлкен басымдықпен жеңіске жетті. 38 жастағы Симион әсіре ұлтшыл және Еуропа Одағына қарсы ұстанымдары мен даулы мәлімдемелерімен танымал.

18 мамырда ол сайлауда шамамен 21% дауыс жинаған Бухаресттің орталықшыл көзқарастағы мэрі Никушор Данмен екінші турда бәсекеге түседі.

24 қарашада өткен президенттік сайлаудың алғашқы турында ресейшіл, әсіре оңшыл үміткер Кэлин Горгеску жеңіске жеткен еді. Алайда Румыния Конституциялық соты сайлау процесі Ресей қолдаған кампания арқылы Горгеску пайдасына бұрмаланды деп айтып, сайлау нәтижелерін және 8 желтоқсанға жоспарланған екінші турды жарамсыз деп таныды.

 

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты