САЯСАТ
1 ... минут оқылды
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Отырысқа НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте төрағалық етті.
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді

НАТО–Украина кеңесі Брюссельде тұрақты өкілдер деңгейінде шұғыл отырыс өткізді. Жиын Украина қорғанысы жөніндегі байланыс тобының отырысы қарсаңында ұйымдастырылды. Онда Украина одақтастарына Ресей тарапынан төнетін қауіп-қатерлер мен шұғыл қорғаныс қажеттіліктері туралы ақпарат берді.

Украинаның НАТО жанындағы миссиясы «X» әлеуметтік желісінде хабарлағандай, НАТО штаб-пәтерінде өткен отырысқа ұйымның Бас хатшысы Марк Рютте төрағалық етті.

Жиынға Украинаның Еуропалық интеграция мәселелері жөніндегі қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Боев тікелей қатысты. Ал Украина Қарулы күштері Бас қолбасшысы орынбасарының міндетін атқарушы, бригада генералы Сергей Собко бейнебайланыс арқылы қосылды.

Олар одақтастарға Ресей тарапынан төнетін қауіптер туралы соңғы мәліметтерді ұсынып, Украинаның шұғыл қорғаныс қажеттіліктерін атап өтті.

Украина қорғанысы жөніндегі байланыс тобы 17 қарашада Ұлыбритания мен Германияның жетекшілігімен Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде бас қосады.

«Рамштайн тобы» деген атаумен де белгілі бұл құрылым 2022 жылдың сәуірінде АҚШ-тың бастамасымен құрылған. Оның құрамына Украинаға көрсетілетін әскери көмекті үйлестіру мақсатында 50-ден астам ел кіреді.

Ал НАТО–Украина кеңесі 2023 жылдың шілдесінде Вильнюс саммитінде құрылған. Бұл кеңес НАТО-ға мүше мемлекеттер мен Украинаның тең құқықты қатысушылар ретінде қауіпсіздік мәселелерін талқылауына және бірлескен шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін орган болып саналады.

Іздеу
Қазақстан мен Татарстан «Қазан-Астана» әуе рейстері арқылы өзара жақындай түсті
БҰҰ Газада санитарлық жағдайдың нашарлап бара жатқанын ескертті
«Галатасарай» «Штутгартты» 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасындағы ұпай санын 6-ға жеткізді
АҚШ-тағы аралық сайлау: Сенатта басымдық демократтарда
Ғалым Джеффри Хинтон жасанды интеллектінің қаупін Чернобыль апатымен салыстырды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен кездесті
Иран АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Түркі мемлекеттері 2027 жылы ортақ жерсерік ұшыруды жоспарлап отыр
Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деген плакат ілінді
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқыладық»
Ресей Түркі Мемлекеттері Ұйымына қосылуға дайын екенін білдірді
Президент Ердоған әуеден Қазақстанға жолдау жіберді
Түркиялық оқушы Эйнштейн олимпиадасында математикадан әлем чемпионы атанды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяда
АҚШ қараша айында Ресей-Украина бейбітшілік келіссөздеріне дәнекерлік етеді