САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ өз азаматтарын «Ираннан дереу кетуге» шақырды
Бұл ескерту Тегеран әкімшілігіне қысым артып, Ақ Үйде кибернетикалық, психологиялық және әскери құралдар талқыланып жатқан келіссөздермен бір мезгілде жарияланды.
АҚШ өз азаматтарын «Ираннан дереу кетуге» шақырды
АҚШ өз азаматтарын «Ираннан дереу кетуге» шақырды / AP
13 Қаңтар 2026

АҚШ-тың Ирандағы виртуалды елшілігі елдегі тәртіпсіздіктердің өршуіне байланысты дүйсенбі күні Америка азаматтарына уақыт жоғалтпай елден кетуді ескертті.

Жарияланған қауіпсіздік ескертуінде елшілік «Ираннан дереу кетіңіздер», — деп, азаматтардан АҚШ үкіметінің көмегінсіз елден шығу жоспарын құруды сұрады. Сондай-ақ ескертуде «Егер кете алмасаңыздар, тұрғылықты жеріңізде немесе басқа қауіпсіз ғимаратта қорғанатын орын табыңыздар», — делінген.

“Ирандағы АҚШ азаматтарына интернеттің тоқтатылуына дайын болу, балама байланыс жолдарын қарастыру және «егер қауіпсіз болса, автокөлік жолымен Армения немесе Түркия арқылы Ираннан шығуды жоспарлау» айтылды.

Иран мен АҚШ-тың қос азаматтығы бар тұлғалар Ираннан Иран төлқұжатымен шығуы тиіс екені ескертілді. Иран үкіметі қос азаматтықты танымайтындықтан, бұл адамдарға тек Иран азаматы ретінде қарайтыны еске салынды. Сонымен қатар «АҚШ төлқұжатын көрсету немесе Америка Құрама Штаттарымен байланысы бар екенін дәлелдеу Иран билігінің адамды тұтқындауына жеткілікті себеп болуы мүмкін», — делінген.

Трамп әкімшілігі Иранға қарсы әскери және құпия нұсқаларды қарастыруда

АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметке қарсы наразылықтарды басу әрекеттері жалғасып жатқан тұста Иранмен «кез келген» сауда-саттық жасайтын елдерге 25 пайыздық кедендік баж салығы салынатынын жариялады.

Трамп Иран билігі наразылықтарды тоқтату үшін қару қолданса, шабуыл жасайтынын бірнеше рет айтып қоқан-лоққы көрсеткенімен, Тегеранмен дипломатиялық келіссөздер жүргізу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Түскен мәліметтер Трампқа дәстүрлі әскери әуе шабуылдарымен қатар Иранға қарсы қолданылатын түрлі айла-шаралардың ұсынылғанын көрсетті. “CBS News-тің” хабарлауынша, әскери және құпия құралдардың кең ауқымы Иранның қолбасшылық құрылымдарын, байланыс жүйесін және мемлекеттік БАҚ-ты істен шығаруға бағытталған кибероперациялар мен психологиялық науқандарды қамтуы мүмкін.

Іздеу
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Хаменеидің өлімінен кейін Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты
Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды  операция» бастағанын жариялады
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады
Израиль  Оңтүстік Ливандағы «Хезболла» нысаналарына соққы берді
Канада Тель-Авивтегі қызметкерлері мен Ирандағы азаматтарын шақырып жатыр
Әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме Израиль жағалауына жетті
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Иран Пәкістан мен Ауғанстанға делдал болмақ
Түркия «COP31» қарсаңында кездесу өткізді
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді