ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды
Израиль Қорғаныс министрі нысанаға алынған кәсіпорындар Иранның мұнай-химия экспортының шамамен 85 пайызын құрайтынын және қазір жұмыс істемей тұрғанын мәлімдеді.
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды / Reuters

Иран медиасында жарияланған мәліметтерге сәйкес, АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылы елдің оңтүстік-батысындағы Асалуе қаласындағы «Оңтүстік Парс» мұнай-химия кешенін нысанаға алған.

«Fars» ақпарат агенттігі шабуылдан кейін нысанда жарылыс болғанын хабарлады.

«Mehr» ақпарат агенттігі Асалуедегі мұнай-химия нысандары, соның ішінде Джам және Демаванд зауыттары да соққыға ұшырағанын мәлімдеді.

Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац армияның Ирандағы ең ірі мұнай-химия кешендерінің бірі ретінде белгілі нысанды атқылағанын растады.

Кац «Yedioth Ahronoth» газетіне берген мәлімдемесінде «Израиль дәл қазір Асалуедегі Иранның ең ірі мұнай-химия нысанына шабуылдады», – деді.

Ол нысанаға алынған кәсіпорындар Иранның мұнай-химия экспортының шамамен 85 пайызын құрайтынын және қазір жұмыс істемей тұрғанын айтты.

Ирандық шенеунік Израиль сенбі күні елдің оңтүстік-батысында Хузистан уәлаятында орналасқан Махшехр мұнай-химия аймағына шабуыл жасап, салдарынан бес адамның қаза тапқанын хабарлады.

Израиль өткен айда да Асалуедегі «Оңтүстік Парс» экономикалық аймағындағы газ нысандарына соққы жасаған болатын.

Әлемдегі ең ірі табиғи газ қоры саналатын «Оңтүстік Парс»/ «Солтүстік күмбез» кен орнын Иран мен Катар бірге пайдаланады.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен ай «Оңтүстік Парс» кен орнына жасалған шабуыл туралы АҚШ алдын ала хабардар болмағанын айтып, Тель-Авивтің мұндай әрекетті қайталамайтынын мәлімдеген еді.

Соңғы күндері Израиль Иранға қарсы жалғасып жатқан соғыс аясында маңызды өнеркәсіп орталықтарын нысанаға алуда.

Жұма күні Беньямин Нетаньяху Израиль шабуылдары Иранның болат өндірісінің шамамен 70 пайызын жойып, елдің қару-жарақ өндіру мүмкіндігін айтарлықтай әлсіреткенін айтты.

Болат – зымырандар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және кемелерді қоса алғанда өнеркәсіп пен әскери өндірісте стратегиялық маңызы бар материал.

Кац Нетаньяхумен бірге Израиль күштеріне «Иранның ұлттық инфрақұрылымына ауқымды соққы беруді жалғастыру» туралы бұйрық бергендерін жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран газ нысандарына шабуыл жасалғанын хабарлады
Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді