ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия президенті Ердоған мен АҚШ президенті Трамп кездесті
Екі басшы қорғаныс және сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уәде берді.
Түркия президенті Ердоған мен АҚШ президенті Трамп кездесті
Түркия президенті Ердоған мен АҚШ президенті Трамп кездесті / AA

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ақ Үйде өткен кездесуде қорғаныс және сауда салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уәде берді.

Трамп Ердоғанмен бірге Түркияның F-16 және F-35 бағдарламаларын қоса алғанда, АҚШ-та жасалған жойғыш ұшақтарды жеткізу, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылағанын айтты.

«Екі ел үшін де тамаша сауда келісімдерін жасаймыз», – деді Трамп журналистерге. Ол сонымен қатар Анкараның Ресейден зымыран жүйелерін сатып алуына байланысты енгізілген санкциялардың «дереу» алынуы мүмкін екенін білдірді.

Президент Ердоған да кездесулердің қорғаныс өнімдерінің саудасын да қамтитын кең тақырып аясында өткенін атап өтті.

«Түркия–Америка қарым-қатынасында жаңа бір кезеңді бастан кешіп отырмыз», – деді Ердоған. «Сенемін, бірге қол ұстасып аймақтағы бұл қиындықтарды еңсереміз» деді.

Трамп Ердоғанды «аса құрметті адам» деп атап, Ердоғанның «елінде де, бүкіл Еуропада және дүниежүзінде де өте жоғары бағаланатынын» айтты.

НАТО одақтастары арасында қорғаныс жабдықтарын жеткізу, өңірлік қақтығыстар және қаржылық санкциялар секілді мәселелер бойынша ұзаққа созылған келіспеушіліктер болғанына қарамастан, бұл кездесуде екі көшбасшының келісімшіл реңк танытып, ынтымақтастықты атап өтуі назар аударды.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды