САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Иран Швейцариядағы жоғары деңгейлі келіссөздерді аяқтады
Ақ Үй келіссөздердің әзірге толық аяқталып аяқталмағаны жөніндегі сауалға жауап берген жоқ.
АҚШ пен Иран Швейцариядағы жоғары деңгейлі келіссөздерді аяқтады
Делдалдардың хабарлауынша, Швейцарияда АҚШ пен Иранның жоғары лауазымды өкілдері арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңі аяқталды. / Reuters

Делдалдардың хабарлауынша, Швейцарияда АҚШ пен Иранның жоғары лауазымды өкілдері арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңі аяқталды. Келіссөздер шиеленісті жағдайда басталған болатын: Тегеран Ормуз бұғазын қайта жапқанын жариялады, ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы шабуылдарды қайта бастау жөніндегі қоқан-лоққыларын қайталады.

Делдал елдер — Катар мен Пәкістан таратқан бірлескен мәлімдемеде АҚШ пен Иранның 60 күн ішінде түпкілікті келісімге қол жеткізуді көздейтін жол картасы жөнінде ортақ мәмілеге келгені айтылды. Катар Сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеге сәйкес, техникалық келіссөздер апта бойы Швейцариядағы Катарға тиесілі таулы Бюргеншток курортында жалғасады.

Мәлімдемеде тараптардың Ливандағы қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған тетік жөнінде уағдаласқаны және даулы бұғаз арқылы сауда кемелерінің қауіпсіз өтуіне жәрдемдесетін байланыс желісін іске қосқаны атап өтілді.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи әлеуметтік желідегі жазбасында өз елінің мұнай және мұнай-химия экспортына қатысты жеңілдіктерге, бұғатталған кейбір активтердің босатылуына және Иран үшін қайта қалпына келтіру мен даму жоспарының басталуына қол жеткізгенін мәлімдеді.

Иранның жартылай ресми “Tasnim” агенттігінің хабарлауынша, ирандық тарап ядролық мәселелер бойынша келіссөздердің басталуы үшін өзара түсіністік туралы меморандумның басқа да тармақтары, соның ішінде бұғатталған активтерді босату және Иранның мұнай экспортын жалғастыруға мүмкіндік беретін АҚШ-тың жеңілдіктері іске асырылуы қажет екенін атап өткен.

Ал Аракчи дүйсенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде Пәкістан мен Катардың делдалдығымен Швейцарияда АҚШ-пен өткен келіссөздердің Ливандағы соғысты тоқтату және Иран экономикасына түсіп отырған қысымды азайту бағытында елеулі ілгерілеуге қол жеткізгенін айтты.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?