САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Катар "келіссөздерді бұзуға ақша төледі" деген жалған айыптауларды жоққа шығарды
Доха бұл қасіретті соғысты тоқтату үшін тиісті тараптар арасында делдал ретінде өзінің гуманитарлық және дипломатиялық рөлін атқаруға "табанды" екенін және Мысырмен тығыз жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Катар "келіссөздерді бұзуға ақша төледі" деген жалған айыптауларды жоққа шығарды
/ AFP
4 Сәуір 2025

Катар Мысыр мен басқа да делдалдардың Газа секторында ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату келіссөздеріне кедергі жасау үшін "қаржылық төлем" жасағаны туралы айыптауларды жоққа шығарды.

Катардың Халықаралық медиа кеңсесі  бейсенбі күні  «Катар мемлекеті кейбір журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан Катардың Мысыр немесе ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөздерге қатысқан кез келген делдалдың күш-жігерін бұзу үшін қаржылық төлем жасағаны туралы жарияланған мәлімдемелерді қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдемелердің негізсіз екені және тек делдалдық күш-жігерді бұзуға және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды әлсіретуге тырысатындардың мүддесіне қызмет ететіні атап өтілді.

«Бұл айыптаулар соғысқа байланысты гуманитарлық зардаптарды назардан тыс қалдырып, соғысты саясиландыруды жалғастыруға бағытталған жалған ақпарат науқанының жаңа кезеңін білдіреді», делінген мәлімдемеде.

Доха бұл қасіретті соғысты тоқтату үшін тиісті тараптар арасындағы делдал ретінде өзінің гуманитарлық және дипломатиялық рөліне адал екенін және бейбіт тұрғындардың өмірін қорғау үшін Мысырмен тығыз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Катар сондай-ақ Мысырдың маңызды рөлін жоғары бағалап, аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірлескен делдалдықтың сәтті болуын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті ынтымақтастық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

‘Катаргейт’

Израильдің бұқаралық ақпарат құралдары Мысырдың ХАМАС пен Израиль арасындағы делдалдық рөлін әлсірететін ақпарат тарату үшін премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың кеңесшілердің Катардан қаржы алғанын  хабарлағаннан кейін Катар осындай мәлімдеме жариялады.

Израиль соты бейсенбі күні Нетаньяхудың екі көмекшісінің қамаудағы мерзімін тағы бір күнге созды. Джонатан Урих және Эли Фелдштейн атты кеңесшілер  Катардан ақша алып, оны Катардың беделін көтеру үшін пайдаланған деп айыпталып отыр.

Израильдің мемлекеттік хабар таратушысы «KAN» Ришон ЛеЦион қылмыстық сотының күдіктілерді қамауда ұстау мерзімін тағы 24 сағатқа ұзартуға келіскенін, бірақ полицияның жеті күнге ұзарту туралы өтінішін қабылдамағанын хабарлады.

«KAN» тергеу барысында күдіктілердің түсініктемелерінде сәйкессіздіктер анықталғанын, ал олардың біреуі тергеу кезінде жалған мәлімет бергенін мәлімдеді, бірақ күдіктінің аты-жөнін ашпады.

Сәрсенбі күні Нетаньяху өзінің кеңесшілеріне қатысты тергеуді "далбаса" деп атады.

«The Jerusalem Post» бас редакторы Цвика Клейн осы екі кеңесшіге байланысты түсініктемесі алынғаннан кейін бейсенбі күні үй қамауынан босатылды.

Бас прокурор Гали Бахарав-Миара бұл іс бойынша тағы екі журналистіңтергеуге шақырылуы мүмкін екенін айтты.

Іздеу
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
Ливан  бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды
Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады”
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды