ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркия мен АҚШ сауда айналымы туралы пікір білдірді
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қорғаныс өнеркәсібінде Түркия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық үшін ең қысқа мерзімде кедергілер мен шектеулерді жоюдың маңыздылығын атап өтті.
Президент Ердоған Түркия мен АҚШ сауда айналымы туралы пікір білдірді
/ AA

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен АҚШ арасындағы 100 миллиард долларлық сауда айналымы мақсаты «біздің ортақ мақсатымыз болып қала береді» деді.

Түркия-АҚШ Іскерлік кеңесі ұйымдастырған Нью-Йорктегі Түрік инвестициялық конференциясында Ердоған дүйсенбі күні Анкара мен Вашингтонның жеке сектордың қолдауы және жаңа инвестициялық бастамалар арқылы 100 миллиард долларлық сауда мақсатына қол жеткізетініне сенетінін айтты.

Ол қорғаныс өнеркәсібіндегі Түркия-АҚШ ынтымақтастығында ең қысқа мерзімде кедергілер мен шектеулерді жоюдың маңыздылығын тағы да баса айтты.

Ердоған энергетика, киберқауіпсіздік және ғарыш салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, екіжақты қарым-қатынастың “нығаюын тілейтінін” атап өтті.

«Түркияны инвесторлар үшін одан да тартымды ететін ашық, бәсекеге қабілетті және қауіпсіз нарықтық ортаны нығайтатын қадамдарды жалғастырып отырмыз», – деді ол.

Сонымен қатар Ердоған Түркияның мықты логистикалық инфрақұрылымы, заманауи порттары және дамыған автокөлік пен теміржол желілері елді инвесторлар үшін стратегиялық орталыққа айналдыратынын қосты.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді